Блогқа өткен-кеткен, көрген-естіген, білген-білмегендерді жазатын әдет боп кеткен ғой… Мына жазу да сол!

Бүгін жұмысқа келсем жобаларды бағыттаушы: «Хей! Салтанат, қашан сенің тойыңа шақыру аламын?» дейді, не аман жоқ, не сау жоқ… «Тыныштық сақта, Салтанат, тыныш!». Негізі, бұндай сұраққа дайындаулы жауабым да бар – «Бұйырғаны болар!». Бұл жолы – «менің ісімді қарап жатыр!» деп саусақпен аспанды теспектей төбені нұсқап. Қоймайды! «Давай, мен өз қолыма алайын, «вакантты орын бар» деп тендор жариялайық!»… «мынауың алжыған ба?!» деген ой ӘРИНЕ келу керек еді. Келмеді… Онда бәрі де алжығандар қатарында болар еді. «Рахмет! Менің ісім май шаммен жоғарыда талқыланып жатыр! Жақын арада шешіліп қалар!» Түсінсе түсінді, түсінбесе шаруам жоқ! Қанды қайнатып сұрай беретіні нес?! Тыныштық сақта, Салтанат, тыныштық!

Advertisements