Кетті! Өскеменге алғашқы, өз қолыммен жазған хатым кетті… Аман жет 🙂 Жауабы да аман келсін 🙂

Қорықпаған жалғыз осы А. болғандықтан, жауап жазуға өзімді міндетті санадым. Өзі туралы қысқаша мәлімет беріпті де, орысша жазуымды өтініпті. Не деймін!? Орысша жаздым. Кеше бір «жынды» кездесуге барған едім, эмоциялар деген тасып, бүкіл напорыммен/екпініммен жазып, жазып тастадым, қағазым шимай-шимай, сия-сия… Ұят болмаса болды 🙂 Егер, менің ұсынысымды қабыл алса «Фантазияны дамытайық 2/n» деген жазбалардың орысша нұсқалары жарияланады деген үміттемін.

Қағаз хат 3-4 күнде жеткізіледі дейді поштадағылар.

Поштаға барсам жабық екен-түскі ас. Есік алдында жас келіншек пен үстіне іле салған курткасы бар, халат киген апа. 15 минут үнсіздікте тұрамыз ба?! «сіздер құжат жібермекші шығарсыздар?» деп едім «ия ия» деп бастарын изеп, конверттерін көрсетеді. «Мен хат жібермекшімін, электронды поштам жоқтай, телефоным жоқтай, хат жаздым!»-енді әйтіп-бүйтіп сөз бастау керек қой – «ааАа» деген жауаптары маған ұнаңқырамады, үндемей қалдым. Апамыз «еееее біздің заманда…» деп бастады бір кезде. Оказывается 🙂 Апамыз, әскердегі жігіттерден хат алса, қателерін қызыл сиямен түзетіп қайта салып жібереді екен. «Ұнағандарына жауап жазамыз!» дейді. Осы жерде, ойлардың түр-түрі кетті… Ертең отырсам қып-қызыл хат алып… Есік алды бірінен соң бірі «жабық па не?!» деп келіп жатқан адамдарға толды… Әңгіменің ағыны басқа жаққа бұрылды: ауылдарға хаттардың жетпейтіні туралы айтты, байланыс министрінің жалақысы қандай екенін айтты, шет елге жіберген хатың Қазақстан бойынша жіберген хатыңнан тез жететінін айтты, хаттың адресатқа жету механизімі туралы да айтып үлгерді… Үлкендер жинала қалса сол ғой…

Жіберер алдында, хаттың сыртына «не обращай внимания на ошибки!» деп жаздым, қайдан білемін қандай жауап келетінін 🙂

Advertisements