Айконың бастамасын қалай жалғастырмаймын 🙂

Автобуста!

Вот, осы демалысттардан кейін, таңертең ұйықтап қалыппын, кеш шықтым. Ең соңғы аялдамадан отырып, ең соңғы емес аялдамадан түсемін. Адам қырғын. «Шығып кетейін! Өтіп кетейін! Жіберіңізші!» деп өз аялдамама бір аялдама қалғанда жылжыдым. Аялдамам! Мен әлі автобустың ортасында тұрмын-«Әй Остановите! Стойте! Мен қалып қалдым!» деген менің жіп-жіңішке даусым шықпасы бар ма!? ЖОҚ, тоқтамады. Келсі аялдамаға дейін шығар есікке тағы жетпей қалдым! Бұл жолы, жұлқынып «АРЫ ТҰР! ТАРТ КӨТЕНДІ!» деп итергенімді қайтейін тура есікке жеткенде екі адамның ортасына қысылып қалдым. Блин! Кондуктор қолымнан ұстап алып тартпайды ма… О ужас! «Бойым ұзарып кетер» деп ойлап қалдым 🙂

Кіруін кіріп, шығуы бір азап болды 🙂

Advertisements