Өмірімде жібермейтін хаттардың бірі:

«Қал-жағдайыңды сұрау міндет. Көру былай тұрсын, естуге де зар болдық. Өзің туралы бейхабармын. Өзімнен де еш хабар. Жұмыс-іссапар-тығыз уақыт, т.т. толып жатқан сылтау-бос әңгіме. Басты қатырып қайтемін. Сол бос сөздің бірін бастамақпын: шын айтамын қолым тимеді, телефонда көк тиын да жоқ, жұмыстан жұмыс-әбіржіп кеттім, жұмыс-үй-жұмыс, одан қалса агент, интернет, блог…

Шындыққа жұғыспайды?!

Ал, мынау: емтихан, миымнан бастап, жүрегімді жаулап алды. Нәтижесін білмейінше, мен жоқпын, аспан асты, жер үсті қалқып жүремін. Мидағы блокираторлар қирап, «үрей» жүректен бір-ақ шықты. «Кітап құрты», «қағаз табынушысы» атанудан ми мен жүрек ортасында бір-ақ «реле» ұстап тұр: кернеу артып ол «ұшса» – күнім не боларын ойлауға жоқпын.

Қалай? шындыққа ұқсайды ма?

Ия, дұрыс… бес жылда еш емтиханнан құламаған… ЖОҚҚҚ өтірік айту мақсат емес. Сағынышымды жеткізейін десем қу «реле» өз дегеніне салып, өз әнін шырқауда. Жүректен шыққанды миға жеткізбей, «дРРР!» деп қойып. Әр дайым қосулы тұратыны да таң қалдырмайды. Бастапқы программалардың ақауы болар. Сырттан «возмущение» болмаса, қозғалмайды. Табиғат берген «саморегулирование» деген де «өшкен».

Амандықпен жүздескенше!»

Advertisements