Заңды некелесу рәсімін  ерте бастап кеткен де жаңа түскен келіннің ата-анасы, туған-туысы, достары үлгермеген. Көңіл-күй деңгейі сол нөлден төмен, жүректе қуаныштың орнына суық көңілсіздік, көзден шыға алмай тұрған ыстық жас, көкіректе миллион сұрақ…

Ит қайтқанда келді туыстары, Алматының тығырығын кінәләп. Әрине, ешкім өзін кінәлімін деп мойындамайды ғой, басқаға жаба салу оп-оңай. Қойш, әйтеуір, бір сағат жасалған макияждың жұғыны ғана қалып, өтірік болсын/шын болсын жас-жұбайлар жымиып топпен суретке былай да былай да түсіп жатты. Мен? ой, мен тұрдым сырттан қарап, бірін танымаймын…

Гулянка туралы айтар ерекше ештеңе жоқ, білесіздер ғой Алматыда 4 жерге міндетті түрде баратынын: не Райымбек атаның басына барып құран бағыштау, не мешітке барып неке қидыру, Мәңгілік алауға гүл қою, жаңа алаңға бару, Медеу не Алма-Арасанның табиғатында болу. Соларды аралап, суретке түсіп, ішетінін ішіп, айтатынын айтып жүрдік.

Ең қызығы – той уақытында басталды 🙂

БЕТАШАР… менің онша жақсы көрмейтін дәстүрімнің бірі. Ақ жаулықтың астында тұрғанда қыз не туралы ойлайды екен?… Басың салбырап, екі жағыңда екі жеңге(абысын) қолтықтап, беліңді бүгіп, өз ұяңнан ұшқаныңды, артқа жол жоқтығын сезініп, ешкімге бас имеген, мында келіп, танымайтын-білмейтін адамдарға «бір сәлем!» дейсің, мінезіңді сындырғаның ба?! табиғатқа бағынғаның ба?! алдыңда көр ма, бақ па?! Қорқынышты-ақ 🙂 Не болса да, барлығы өз қолыңда 🙂

Досымның енесінің дауысы-ай… тыңдай бергің келеді екен, нағыз қоңыр, қазақи дауыс. Жалпы, тойға келген қонақтарының сөздері де тұп-тұнық, жарқын шықты. Енесі айтып өткендей «тойдан Сырдың иісі сезіліп тұрды»(екі жақ та Қызылорданың ЖаңаҚорғанынан, просто әртүрлі ауыл да). Тілектерін бірі жылап айтса, бірі күлдіртіп айтты, бірі өлеңдетіп айтса, бірі қара сөзбен көркемдеп айтты, бірі домбырамен айтса, бірі қағаздан оқытып айтты.

Биді антрактқа дейін-ақ бастады, бірнеше тосттан кейін – БИ, ән айтылса – БИ, былайша тренировка/разминка. ЗАТО … Антракт кезінде барлығының секіріп билегенін айтсаңшы, ұялу деген жоқ, қысылу-қымтырылу деген жоқ, ашыла биледі десем де болар, тамаша болды 🙂 конкурстар да болмады, жеңгелері өліп-тіріліп билеп жатқандарға сыйлықтарын лөстіріп жүрді 🙂

Қалыңдықтың гүлі маған бұйырмады 😀 Ұстаймын-ау деп те ұмтылмаймын, жай-әншейін «группа поддержки»/»толпу создавать ету» үшін тұрамын, тұрғанда да шет жағында, гүл «өмірі» ұшпайтын жерге тұруға тырысамын 🙂

Той иелеріне той солай аяқталды, шілдеханда кездесетін болып келісіп тарасты. Бірақ, жасжұбайлармен әңгімесі бітпей қалған жастарға той енді басталып еді…

Тойлы күндерде кездескенше!!!

Advertisements