Бірнеше жыл бұрын, шамамен 2004-2005 оқу жылы:

Парлардан кеш шықтым. Автобустар жартылай бос боп келеді, артына барып терезеге жақын отырып алдым. Оң жағыма бір жігіт келіп отырды. Отырып жатқанда бетіне бір қарадым, негізі. Терезеге үңіліп, не туралы ойлап отырғаным, әрине, есімде жоқ, сол мезетте біреу түртеді. Ойланбастан оң жағыма қарамаймын ба: қолын алдына айқастырып алған, терезеге қарап отыр. Не ойлағаным, әрине, есімде жоқ. Басымды қайта өз тереземе бұрып алдым. Отырмын. Қайта түртеді. Айқасып тұрған қолдары жете қоймас деп терезеге шынтақтап қисая отырып алдым. НЕ ТУТ ТО БЫЛО! Қолын созып тұрып түртеді. Бетіне қарағым кеп тұрған жоқ: бірдеңе деп қалса не деймін! Одан сайын сол жақтағы терезеге жақындай түсемін: қалай қолы жетеді! Аялдамадан аялдама санап отырып, өзімдікіне жеткенде апыл-ғұпыл шықтым да кеттім!!!

Advertisements