Балғырған


Қомағайларға

Жазылған айдары Шелектеп жазған balgyrgan on the Қараша 10, 2009
Tags: , ,

Өз асқазаннының көлемін білмейтіндерге:

- Өзіңізді күні бойында тамақ арасында(тамақ ішіп отырып емес) таза суды ақырындап/аздап/ ұрттап ішуге үйретіңіз. Су да тамақ;

- Табиғи тағам жеген абзал: жаңғақтар, жеміс-жидек, көкөніс. Ескерту: бәрін, бірін біріне араластырудың қажеті жоқ;

- Апта сайын 24, 36 немесе 48 сағаттық “ораза” ұстаңыз. Г. Шелтон айтқандай “Ең жақсы тағам – аштық”;

- Қарныңыз ашқанын сезбейінше тамақтанбаңыз. Біреудің көңілі үшін де тамақтанудың қажеті жоқ. “Ауыз тиейін” деген сылтауды қазақ тапқан ғой :)

- Ауызға тыққыштамай, ақырындап, дұрыстап шайнап, ешқайда асықпай жеу керек. Тістер, слекей бездері, жақасты лимфа бездері(submandibular gland), т.т. сізге  жақсы қызмет атқару керек қой :)

- Асқазан жартылай бос болуы қажет. Қазіргі адам, қаншалықты көп тамақтанатынын түсінбейді. Есіңізде болсын: бір тамақтанғанда неғұрылым аз жесеңіз, соғырылым сол тамақтың сіңуі мен қорытылуы, тазартылуы тезірек жүреді;

- Балалар өз еркімен тамақтану керек. Олардың болашақ ауруларының бетін алуға мүмкіндікгіңіз бар. Өз күн тәртібіңізде балаңызға/ларыңызға проекциялаудың да қажеттілігі шамалы, сонымен қатар, бала еліктегіш келетінін біле отырып өзіңіздің де жағымсыз әдеттеріңізден арылу қажет болады енді, амал жоқ…

Артық тамақтанып қойған ішқұрылысты тоздырады, ерте қартайтады.

Астарыңыз дәмді, әрі пайдалы, дендеріңіз сау болсын, ағайын :)

Алтын медальдар!

Жазылған айдары Шелектеп жазған balgyrgan on the Қараша 6, 2009
Tags:

Қазанның 26-сы мен 31-і аралығында  Бразилияның  Жаңа Гамбург  қаласында  өткен   MOSTRATEC   Халықаралық  жаратылыстану-ғылыми   олимпиадасында     қазақстандық 11 оқушы алтын  медальдар жеңіп алды.

Бұл туралы  «Дарын» республикалық    ғылыми-тәжірибелік  орталығынан  хабарлады.

Олимпиадаға  әлемнің 22 елінің  оқушылары  қатысты.  Біздің   команданың  құрамындағы    16   оқушы жүлделі  орындар үшін күресті  және  олардың барлығы жоғары  наградалар алды:  11 оқушы – алтын, 2 оқушы – күміс, 3 оқушы қола медальдарды    қанжығаларына  байлады.

Атап айтқанда, алтын  медальдарды  -  алматылық Нариман Халықов, Әділбек Сәпиев, Бибігүл Жанахметова, Бахтияр Қожамқар, Ғалымжан Тілеуболдинов, қызылордалық  Ботагөз Нәдірова, Рысқал Тұрғанбекова, Ханзада Мырзабекова,  оралдық Ерназар Сапашев, Ғалымжан Асылханов, Тимур Құсдәулетов    жеңіп  алды.

Ал  Есік  қаласының екі  оқушысы –  Аяс Әлімбекер мен Диас Асанов  - күміс,    алматылық тағы үш оқушы – Мамырайым Әшірбаев, Нұрсұлтан Төреқұлов  және  Нұрбол Әбдуәлиевтер қола медальдар     иеленді.

MOSTRATEC – ғылыми,  шығармашылық,  техникалық жобалардың  халықаралық  жәрмеңке-конкурсы.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ/МЫН!!! Жеңістер көбее берсін!!! Оқушылар мен жетекшілері, еңбектеріңіз жемісті бола берсін!

Ақпарат көзі

Таныстар…

Жазылған айдары Шелектеп жазған balgyrgan on the Қараша 5, 2009

Түскі ас уақыты. Тамақ  алуға көрші дүкенге шыққанбыз. Көше бойындағы машинадан жігіттер түсіп жатыр. “НАДО ЖЕ! Какие люди!” деп біреуіне жабыса кеттім. Ол да танып жатыр. Анау-мынау, “институтқа барып тұрасың ба?”, “кім-кімдермен араласасың?”, “Тимурды танисың ба?”, “Қай жердесің қазір?” деген сияқты кезекті сұрақтар мен соған жауаптар кетіп жатыр бірінен соң бірі. Бір кезде телефон алмаспақ болып, нөмерін жазып алып, енді кім деп сақтайтынымды/сохранять білмеймін, елки-зеленые аты кім ед?! Сызылып тұрамын ба?!

- Кешірш, бірақ, атың кім ед?

- Уахахааа мен де сенен сұрай алмай тұр едім ыха ыха…

Сонымен сол… Фото память, алғысым шексіз саған, бірақ құлақ памятьпен қайта достасшы, өтінемін…

Облооом 2

Жазылған айдары Шелектеп жазған balgyrgan on the Қараша 4, 2009
Tags: ,

Адамдар, қомақты нәрсеге ми мен уақыт жетпей жүр. Ренжімеңіздерші, тағы бір өмірден оқиға…

Кеңседегі Ж. “Гауһартас” тұрғынүй кешенінің ашылу салтанатына шақыру билеті барын айтып “кеттік те кеттік” деп, болмай(негізі, бірден келісе салу ыңғайсыз ғой).

Жұмыстан екеуміз ұшып шығып, Ж.-ның баласын садиктен/балабақшадан ала сала Гауһартасқа баратын аптобсты тостық. ЖОҚ ЖОҚ… 2 жасар балаға жеткен шыдамдылық 112-ге жетпей қалды да, такси ұстап 20-25 минутта “белгіленген” орында болдық. Барсақ – тас-қараңғы, адам қарасы көрінбейді, құрылыс аяқталмаған да, салтанат дейтіндей салтанатқа ұқсамайды… Сөйтіп, Ж.-ның сөмкесінде жатқан шақыру билетін ашсақ… басқа адрес тұр :) )) Ол жаққа бармайтын болып шештік те, үй-үйімізге тарадық :)

Так ышто, бір жерге бармас бұрын билетті қарап, адресін нақтылап алыңыздаааар :)

Ну, Салтик…

Жазылған айдары Шелектеп жазған balgyrgan on the Қараша 3, 2009
Tags: ,

- Айта салщ, Салтик… Что те стоит?!…

- Қойщ, уже ұят… Кеш қалдың! ОТСТАНЬ!

- Да ты достала! Айтсайщ! Бір ауыз сөзден не умрешь!

- Салтанат!!! Не болған саған… Прям, қоғамшыл боп кетіпсің ғой?

- Кетщ, адамқұсап сұрап тұрмын ғой…

- Ұялам!

- Ойбай, нЭдЭн???

- Бәрінен…

- Ой сәндай, балдай, тәтті қыз! Олар сені тыңдап жатыр дейсің ба… Бәрі өз-өздерінен ұялып тұрған жоқ па?!

- Сонда да

- іІіІ… Айта ғой енді?! Ал, жарайды, давай бірге айтамыз?

- Айтпайм дедім ғой!

- О! Қырсық!

- Девушка, давайте подержу ваш пакет?

- Спасибо, не тяжелое…

- Бір ауыз сөз айтқызу үшін заставлять надо…

- Хе хе екеуміз бірміз ғой енді, қайтесің …

Іздеу моторы

Жазылған айдары Шелектеп жазған balgyrgan on the Қараша 2, 2009

Менің блогыма келесі ақпаратты іздеп жүріп, кездейсоқ тап болады екен(ақпарат соңғы 7 күн бойынша):

  • Қарттардың жалғыздығы
  • мешіттердің суреттері жазып алуға
  • баяғыда емшілерге
  • гимнастикалық жаттығулар
  • Мен өз өмірімнің маркетологымын
  • қыз жібек қандай қыз?
  • үйкеліс күші физикадан қазақша
  • Құс еттерінің өнімдері
  • қазақша өлеңдер минусовка
  • Аршат тобының әндері көбелек әні
  • Гүлдер туралы энциклопедия суреттер
  • бойды өсіру жаттығулары
  • каучуктың өмірі жайлы
  • МЫРҚЫМБАЙ – ӨЛЕҢІ
  • жапония 1600 жыл
  • кітап жасау

Блогыма келіп, жөні дұрыс ақпарат ала алмай кетіпсіздер… эх…

А, даппай?!

Жазылған айдары Шелектеп жазған balgyrgan on the Қыркүйек 25, 2009
Tags:

А давайте, бойдақтарды бір-бірімен таныстырамыз? Мүмкін, бір жұп болса да пайда болар?! Жай ғана сұрап қоймай(“бізде бір воский қыз/жігіт бар, танысуға қалайсыз?”), соңына дейін жеткізу – кездестіру. Ұнаса – ұнады, ұнамаса – не судьба…

“Цезарь”

Жазылған айдары Шелектеп жазған balgyrgan on the Қыркүйек 21, 2009
Tags: ,

Агент болсын, аська болсын, скайп болсын – қатар бірнеше адаммен сөйлесе аламын… Тақырыптарды ауыстырмаймын, шатастырмаймын(анда-санда)…

Ал, телефонмен сөйлесіп тұрып параллельно агентке жазып, тлибизор қарап тұра алмаймын…

Екі адамды бірдей тыңдап тұрып, екеуінің де айтқанын бірдей есте сақтай алмаймын :(

Бірінен бірі биік тұратын бастықтардың қарама-қайшы бұйрықтарын орындай алмайтын жағдайлар да бар :(

Әкем былай, мамам былай деп екі ортада қалып қойған ыслушайлер ше?!

Ұйқым кеп-ақ тұр, бірақ мына жазбаны бітіру керек. Неге ояу жүріп ұйықтай алмаймыз?!

Бірнеше ойды бір мезетте ойлай аласыз ба?

Екі аяқты бірдей алып жүре аласыз ба?

Бір ұйықтағанда бірнеше түс көре аласыз ба? ия, қатар қатар…

Ұйықтағанда бір өзіңіз бірнеше боп бөлініп кеткен жағдайлар болды ма?…

Ал, екі қайықтың басын бірдей ұстап?…

Отступление: бала кезімде “не мынау не мынау” деп таңдатып қоятын. Сонда ойлайтынмын, “ну қашан еш ойланбастан анау да мынау да болатын күн болар екен” деп. Ешқашан келмейтін сияқты ол күн. Барлық жерде таңдау.

Адамдарики, таңдауларыңыз әрдайым оң/дұрыс болсын!

Жымиып отырыңыз 3

Жазылған айдары Шелектеп жазған balgyrgan on the Қыркүйек 9, 2009
Tags: , , ,

Ну сол баяғы маршрут… Жалықпаған болсаңыз айта кетейін…

Автобус қиқаңдап, 8-ге ұқсас траекторрия сыза бастады… Ойымда түк жоқ. 104-ке(маршрутканың нөмірі) жақындап келіп, алдын кесіп өтіп, бағдаршамда ма*ма-лармен алмасып… Оқиға “температурасы” арта бастады…

Қателеспесем, Ахрименко көшесінде 104-тің алдына ** тоқтады – қызық басталды! Біздің водила жұлқынып, моторды өшірмей, 104-тегі водиланың жанында отырған жігітке кеп тиісті. Ну да, есік жоқ ол жақта, буквально терезеден суырып алды сыртқа. 104-тің водиласы да, кондукторы да шықты. Біздің де кондуктор қарап тұрсын ба… Екі автобустың зевактары да бар… Жолаушы-ерлер орындарынан айырылып қалатындай(“попу поднял – место потерял” деген қабылданбаған заң бар ғой, соның орнын аңдыыыыыыып тұрмын ғой мен) бастарын ғана көтеріп алған, студент-жігіттер “қайтесің, қайтесің” деп бір-бірін тоқтатып: бәрінің есіл дерті даладағы “разборкада”…

- Ма*ма айырам! Ма*ма тығам! Ма*ма ма*ма…

- Ма*ма ма*ма ма*ма ма*ма ма*ма…

- Араласпа, ма*ма… Араласпа дедім, ма*ма… Тыныш тұрсайщ, ма*ма… Ма*ма

Нормальный тілге аударылмас бірақ, мен аздап бұрмалайыншы:

- Сіз маған балағат сөз айттыңыз! Сөзіңізді қайтып алуыңызды өтінемін!

- Алмадым, ал! Айнамды сырып кеттіңіз сіз! Білесіз бе? Айнасыз мен арттағыларды/артымды қалай көрмекпін? Сіз қауіп төндірдіңіз!

- Достым, жігіттердің сөзін бөлмеңіз! Сіздің шаруаңыз емес! Өздері шешімін табады!

Біраз тұрды бір-бірінің жағасын ұстап. Апайлар шыдамады. “Қайда қарап тұрсыңдар! Ажыратсаңдаршы!”… “Жүреміз ба, жүрмейміз ба?”… Келесі свидание уақыты мен кездесетін жерді белгілеп алды-ау деймін, ұнатып қалса керек бір-бірін… Жұлқылады ғой жағадан алып, қызарғанша… Қайсысы қызарақ болды, байқамадым, сондықтан кім жеңгенін айта алмаймын…

Немқұрайлық… Маған бәрі бір… Сен тимесең – мен тиме… – ауада қалқып тұрды, білесіз бе…

Осыны да төбелес деп (с)… “Ұрамын! Соғамын! Бтщын шығарамын” деген адам олай тұрмайды… Жәй-әшейін қораздану… Арзан понт(с)…  Типі орнына қою…

Әйтеу жиналдық бәріміз автобусымызға… Орамал таққан апайымыз есін жинай алмай қапты: “Есебің келер алдыңнан!… Автопаркке ызвондау керек!… Шегіп алған мыналар!… Ай, сорлы қазағым-ай… Қайда жүрсең де қазақтар бір-бірінің бетін тырнап жатады…”

Ондай сөздер, сондай сондай әрекеттер еш ойландырмайды, керісінше жымитады. НЕГЕ? Бәрі оп-оңай… Өзіміз ғой осындай қоғам тудырған… Қазақ өзіміздікі, қоғам да біздікі… Осындай болып кеткенін кімнен көреміз? Тек өзімізден…

Толықтыру: Айко, ма*ма сөзін не по назначению қолданғаным үшін кешірші…

Мәтінді жазған: Салтанат Н. Е.

Жымиып отырыңыз 2

Жазылған айдары Шелектеп жазған balgyrgan on the Қыркүйек 8, 2009
Tags: , ,

Автобустан түсу “азабын” жазған едім… Енді…

Толы автобустың шаншары/приколы көп болады… Сол баяғы Мудан. Артқы есіктен ең соңғы болып тұрмын. Есік жабылмайды. Кондуктор жетіп келді:

- Сыймайсыз, девушка! Түсіңіз!

- (Джынды ма! Түспейм ал!) Мне домой надо! Я домой хочу! Продвинтесь вперед! Бір адамға жылжыңызшы!

- Впереди, қозғалсаңыздаршы! Ей!!!

Итеріп-итеріп кірдім :) “Позор, дардай болып! Могла бы екіншісін подождать” деп ойлап отырған боларсыз :) Ойланған пайдалы ;)

Не керек, соңғы сатыда тұрмын: есік ашылады – толпа народу маған қарайды – миларында өздері қанша орын алатындарын мөлшерлейді де – алдыңғы есікке жүгіреді :) “Магазин” деген аялдамаға келгенде бір ағаймен орын ауыстырмақ болып сыртқа түсіп, қайта кірдім – ну енді бір адамдық орын босады ғой, оған 2 адам точно сиюы керек (автобуста жүріп көрген адам біледі, әсіресе студенттер). Бір апай, қолдарында дорба, қытайдың аласөмкесі бар – автобусқа кірмек: өзін кіргізгеннің орнына бірінші сөмкелерін пихать етіп… Итеріп жатыр, итеріп жатыр… Опять есік жабылмайды… Кондуктор тут как тут…

- Апа! Сыймайсыз! Түсіңіз!

- Сиям! Жылжыңдар алдыға!

Орын ауыстырған ағай шыдамай кетті(аласөмке қабырғаға батса керек) шығып соның орнына тұрды. Ал содан соң басталды айғай-шу! Даусы ЗОР екен енді…

- Мында орын бар ғой! Неге жылжымайсың? Қақиып тұрып аласыңдар есіктің алдында! Ерегесесің ба? Көріп тұрсың ғой үлкен адаммын!

Көзім банка…

- Неге маған айғайлайсыз?

- Ал, неге сен жылжымайсың, а? Адамды айғайлатып! Сол орынды сатп алғандай! 30 минут болды тұрғанымызға! Мнауың джынды-ей! Қалай-қалай айдайсың! Өлтірейін деппедің! Алжығандар өңшең…

Мате-Залка көшесі. Есік ашылды.

- Апай, жылжыңызшы! Жоғары көтеріліңізші!

- Қозғалмайм! Ты ж не хотел меня брать! Ал енді қозғалмайм!

- Апай, онда түсіп қалыңыз! Екіншісі келе жатр артта! 10 минутта жетед!

- Ей, мнауың джынды ма немене? Мені отырғызарда бірін түсірдің, енді мені түсіріп мынаны отырғызбақпысың ба? Жетпегір! Ауру  неме!

- Өй, апа! (қолын бір сілтеп)  ЖАП АРТТЫ!

Есік жабылды. Автобус кетті. Апамыз қоймайды.

- 10 минут дид, оңбаған! 10 сағатта бір жүред! Құрттай-құрттай автобусқа тыққыштап адамдарды! Жетпегірлер! Ақшадан өлген!…

Сооолай, братцы кролики…

Келесі бет »