Балғырған


Жаңа 2

Жазылған айдары Түр-түрімен жазған balgyrgan on the Мамыр 30, 2009
Tags:

Бір сөзбен: ҚОШ келдіңіз!

Өз қолыңмен: сырға

Жазылған айдары Түр-түрімен жазған balgyrgan on the Мамыр 21, 2009
Tags: , , ,

Не үшін, кім түрткі болғанын алдыңғы жазбадан білерсіз…

Ал , кеттік!

1) Шнур… Менің ойымдағы сырға ұзындау болатындықтан бірдейлеп 40-45 см-дей қиып алдым.

1

(жалғасын оқу…)

Өз қолыңмен…

Жазылған айдары Түр-түрімен жазған balgyrgan on the Мамыр 17, 2009
Tags: ,

құрал-сайманЖаздық киімдеріңізге аксессуар жетіспейді ме? … ӨЗ қолыңызбен жасап көріңіз, бар керегі: негізгі моншақ, қосалқы моншақ, лента, қайшы, сіріңке :)

Негізгі моншақты лентаға тізіп, мойынға тағатын алқа, я қолға тағатын білезік ұзындығына жеткен соң қосалқы моншақпен “тіреп” лентаны байлаймыз :) Білезіктің я алқаның екі ұшынан 15-20 см-дей қалтыру керектігін, лента тарқап кетпес үшін сіріңкемен күйдіру керектігін ұмытпайық :)

Қажет уақыт: 20 мин

Құны: моншақ (суреттегі ортаңғы, әйнектектес, 250 гр) – 100 теңге, лента(рулон) – 60 теңге (адамдар ұялмай-қызармай метрін 50 теңгеге сатады!), қосалқы моншақ(биссер де жарай береді, 1пакетик) – 30 теңге, сіріңкенің неше тұратынын білмеймін :)

қолға

Нұсқама: қырыққабат

Жазылған айдары Түр-түрімен жазған balgyrgan on the Мамыр 6, 2009
Tags: , ,

қабат-қабатАдамдар, Әлияның кеңестерін оқыдыңыздар ма?! Аспаздықты ше?!

Мына жазбаны жыл басында бастаған едім :) “Ешкім оқымайды, ешкімге қажеті жоқ” деп “жылы жаба” салып едім. Бүгін, жариялағым кеп кетті :)

Екі айға жетті десем артық айтпаспын.

Желтоқсанның басында қырыққабатты тұзды суға салып қойғанмын. Мамам өзі аяқтайды ма деген дәмем бар болған, негізі…

Қолымда 3 қырықжапырақ… Қолымның күші жоқ па, қырыққабаттың нығыздылығы ма(тас-шеге әйтеуір), мықшыңдап әрқайсысын әзер 7-ге бөлдім. 10 литрлік шелек қой деймін, соған бірінен соң бірін тыққыштап 7*3=21 бөлікті сиғыза алмадым… Қалғандары келесі күнгі борщ болды… Үйде бір табақ бар, неше литр сиятынын білмеймін, шамамен 3-4 болар, соны жылы суға толтырып, 1 үлкен кесемен үйіп тұз қосып, араластырып, ерітіп манағы(с)(біз жақтың сөзі емес) шелектегі қырыққабатқа құйылды – артылмауы керек, жалпы. Бедрені өзім көтерсем – минимум, қисайып қалушы едім :) Нұкебалаға рахмет, қылтимаға(қателеспесем, балконның аудармасы осылай) шығарып берді. Сол тұрғаннан молынан тұрды ол шелек – шамамен,  27-30 күн. Рецепт бойынша, 20-21 күн. Күннің суықтығына да байланысты болар, тұз жақсы сіңбепті де қырыққабат шала жұмсарыпты, жаңа жыл қарсаңында(шынымды айтсам, 30 желтоқсанда) приправалармен “өңдеп” банкаға тығындап/нығыздап/пресстеліп тоңазытқышқа жіберілді.

Приправасы жаздыгүні жасалынып қойылған: мясорубкадан өткен қызыл/жасыл бұрыш, ащы бұрыш(өз қарауыңызға қарай), сәбіз, сарымсақ.

Жазған соң бәрін жазу керек қой?!

“Өңдеу процессі” – шелекке сиған әрбір бөлікті суынан сығып(киім сыққандай сығып тастамау керек, жалпы) әрбір қабатына приправаны жағып, біртін-біртін банкаға саласыз :) вакуум болуы шарт емес, әрине, десе де ауаның аз болғаны дұрыс :) Ах да, ұмытып барады екенмін, қолыңызға қолғап киген жөн болар :) ну, егер ду-ду еткен қызғылт алақандарды жақсы көрсеңіз кимей-ақ  қоюға да болады :)

Момент! Егер, жұмыстан/сабақтан келгенде үйде жейтін дым болмаса: банкадан қырыққабатты алып, киім сыққандай сығып: 1) жолақтап турап, сұйық май қосып салат жасаса болады; 2) нанға майонез жағып, қырыққабаттың бір жапырағын қойып, бутерброд жасауға да болады :)

Ас дәмді болсын!

Ережелер: Сұхбатта

Жазылған айдары Түр-түрімен жазған balgyrgan on the Наурыз 25, 2009
Tags: ,

Бірінші-ақ сұхбаттан жұмысқа алсын десеңіз, төмендегідей қателердің жібермеген жөн:

а) Қимылдама:

1) Қолыңды тарт: қанша қобалжып тұрсаңыз да, бірдеңені шұқылап, айналдырып отырғаныңыз жағымсыз әсер қалдырады.

2) “Қинамашы?!”: қарындаш, қалам, қағаз, құжаттардың “мазасын” алмаңыз.

3) “Жыланша”: тіл шығару  аса бір зейінмен кірісудің белгісі болғанымен, анкета толтырғанда, сөйлегенде тілді шығарудың қажеті жоқ.

4) “Сілкінді”: аяқты дірілдетіп отырған адам “өз өзіне сенімді” адамға ұқсайды ма?!

5) Мұрындық: мұрныңызды шұқылау, қасу/тырнау кандидатты алмауға себеп бола алмайды, бірақ басқасы болса…

6) “Беташар”: ауызды қолмен жауып сөйлейтін әдетіңіз болса, ол біріншіден: сөзіңіздің анықтығын жояды, екіншіден: психологтардың айтуынша, мұндай әдет, өтірік сөзге жақындықты көрсетеді. Сондықтан, ондай әдетіңізді көрсетпеуге тырысыңыз.

7) “Ырбыңдама!”: орындықта отырғанда алдыға-артқа, “жыбыр-жыбыр”, тыным таппай отыру.

8 ) Маникюрші: тырнақ жемес үшін үйден тамақтарып, тырнақты тістелеуді доғарыңыз. (жалғасын оқу…)

Google мінез

Жазылған айдары Түр-түрімен жазған balgyrgan on the Наурыз 25, 2009
Tags: ,

Бірнеше блогтан оқыған боларсыздар, енді міне менікі де … Жалпы 30 минуттай уақытым кетті :) Жауабын біліп тұрсам да, қажетті суретті табу қиын болды :) Бармен базар :)

mosaic7610915

1. Атың кім? – Салтанат

2. Сүйікті фильмің? – “Зеленая Миля”

3. Сүйікті сусының? – сыра :)

4. Өскенде кім болғың келеді? – Өсіп алайын, бірінші

5. Қазіргі көңіл-күйің қандай? – Жайма-шуақ

6. Бір сөзбен өзіңді қалай сипаттайсың? – Ауадан жеңіл

7. Арманыңдағы қала? – Өскемен

8. Туған қалаң? – Бақалы(ауыл)

9. Сүйікті түсің? – жалпы – қызыл, бірақ бүгінгі көңіл-күйім – “жасыл-көк”

10. Сүйікті тамағың? – ШАШЛЫҚ

11. Дүниедегі ең қатты жақсы көретін нәрсең? – Өз үйім (и все что связано с ним)…

12. Сүйікті мекенің? – ТАБИҒАТ :)
Ескертулер жойылды деп ойлаймын :)

МАТ

Жазылған айдары Ожаулап, Түр-түрімен жазған balgyrgan on the Ақпан 24, 2009
Tags:

d0bad0bed0bdd18c-d188d0b0d185d0bcd0b0d182d0bdd18bd0b9Мат түрлері:

- бала мат;

- жынды мат;

- коорпоративті мат;

- ханды мат;

- сызықтық мат;

- Диларам маты;

- Легаля маты;

- кері мат;

- дұрыс мат;

- сасық мат (спертый)(Ханның қашу жолдарында өз “әскері” кедергі болатын атпен қойылған мат.  Ең алғашқы бұл позицияны ІХ ғасырда парсы мансубтарында табылған. Механизімін 1497 жылы Луис Рамирес Лусена ойлап тапқан);

- таза мат;

- сараң мат;

- эполеттік мат.

Мат – араб тілінен ” өлді” дегенді білдіреді екен.

Астана: сурет

Жазылған айдары Кадрлар, Түр-түрімен жазған balgyrgan on the Ақпан 9, 2009
Tags:
p1050166

НҰР Астана мешіті

(жалғасын оқу…)

Алғашқы қарлығаш 2

Жазылған айдары Түр-түрімен жазған balgyrgan on the Ақпан 9, 2009
Tags:

p1050231Қазір сенемін, бірақ сол күні сенер сенбесімді білмей тұр едім… Қобалжудан 2 түн ұйықтай алмаған поезд дүрсілінен тіпті ұйықтай алар емеспін… Дудут-тудут, дудут-тудуттан көршілердің пысылы естіледі… Қолдарды айқастыра басқа төсеп, “қашып” кеткен ұйқымды шақырар ойым да жоқ… Жақсы сапар болатынына, іштей сенімді едім…

Купеде үш адамбыз: мен, Пушист және Парсы. Жоқ, есімі Парсы емес, 2002 жылы шығыстану мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін бітірген, ех-әскери, бойшаң, сарғыш, әскери адамға жарспайтын ұзын шашты(шамамен, екі еліден асады), көзі үлкен да ашық қоңыртүсті… Бара жатқан қаламыздың “минус”-тарын тізе бастады… Сөзін естісеңіз, вагонан секіріп, “Қайдасың, туған қалам!” деп тайып тұрар ма едіңіз… Келісемін, сөзінің расы да бар боп шықты, бірақ… Құлақпен естінеше, бір рет көзбен көргеннің артығы 100 есе ғой… Сөйтіп, қала мәселесінен сырғып-сырғып қазақтың қазіргі жағдайына сөз жетті… “Сен тимесең – мен тиме” саясатымен жүретін адам боп шықты, соңында…

Көршінің сөзінен(жымиясыз ба күлесіз ба ерік өзіңізде, бәлкім өсекші дерсіз – маған “до лампочки”):

- қазақ неге жалқау деген сұрақтың жауабын Парсы айтты: атам-қазақ көшпелі болған. Бір қазақ ауылында ең аз дегенде 500 адам тұрады делік, мал бағуға – 10 адам (қойы бар, ірі-қарасы бар), тігінші – 3 адам(мүмкін одан да көп), ұста – 5 адам делік, т.т. сөйтіп ауыл тұрғындарының тіпті 1/10 бөлігі тұрақты жұмысы істейді деп болжайық. Қалған қазақ не істейді? Ет жейді де жатып ап ұйықтайды(одан сорақысын айтпағанына шүкір), жасы алты-бақан құрып, ән-думан құрады дейді, и то түнде… Сөйтіп, қазақ қанына еріншектік пен жалқаулық ген деңгейінде сіңіп кеткен дееейді….

- ғалымдар шошқа майын асқазан сөлі ыдырата алмай қанға сол қалпы өтіп, адам денесінде жиналатынын дәлелдеген екен. Орыстар шошқа етін жегендіктен біртүрлі иісі болады екен, пакістандықтар көп специй жегендіктен олардың да өзінше иісі болады… (заңды сұрақ, қазақтың да өз иісі бар… сонда біз қой я жылқы сасуымыз керек пе?);

- даққа толы шәугімге спрайт құйып қайнатса – дақтан түк қалмайды екен (разрушители легенд қайдасыңдар?);

-  адам қайтыс болған соң жаны жер астында қалады, уақыт келген кезде Жаратушы жандарды жоғары көтереді. Тірі кезінде Құдайға адал қызмет еткен пенделер “бала” ұйқыда болып, кәпірлер “дөңбекшіп” тыныш бола алмайды дейді Парсы мырза. Келетін уақыт – ақырзаман…

- ең жаман халық – еврей… Жаратушы, оларға талай пайғамбарларды жібереді… Бірі түзу жолға түсіре алмапты…

- т.т.

Таң ата жеттік… Жүрегім лүп-лүп… Ауа жетпейтіндей… Ел-жұрт шошытқандай қара суық жоқ :) Айттым ғой, Астана жылы қарсы алады деп :) Бейтаныс қалада өткен 3,5 күн жылы болды :)

Негізгі (Бәйтерек, Мега, Думан, Сарыарқа, архитектура “шедеврлары”) объекттерге бардық-көрдік-қайттық… Ауыз көпіріп айтқанша өз көзіңізбен көруге кеңес берер едім.

Сенбі күні оң жақ жағалауды біраз араладық… Алматының ықшам-аудандарындай… Алматыға “топ” ете түскендей болдым… Ағаштары да, дүңгіршектері де, пәтерден жасалған дүкендер, аялдамалар, қоқыс… Айдан анық – сол жақ пен оң жақтың әлеуметтік деңгейлеріндегі айырмашылық…

Ережелер: қонақ күту

Жазылған айдары Ожаулап, Түр-түрімен жазған balgyrgan on the Қаңтар 8, 2009
Tags:

guestАуылда қонақтың қалай келіп, қалай кететіні есімде жоқ. Ал, қаладағы 10 шақты жыл ішінде біздің үйдің “қонақ күту салты” қалыптасқанын ӘРИНЕ байқадым, бәлкім сіздерде де төмендегідей “ережелер” бар шығар.

1 саты: Қонақ келмей тұрып

Дайындық: үй

Қажет уақыт: бөлме саны мен соңғы уборкаға байланысты. Тек 12-14 сағаттан аспауы керек, қонақтар шашылып жатқан үйге кірсе ыңғайсыздау болар… Е … тағы, “бос қолдар” санына да байланысты екен ғой…

Қонақтың шақырылу уақытына байланысты “үй жиыстыру” процедуралары басталады. Ең алдымен, көзге “оттай” батып тұрған шаң басқан/баспаған телевизор экранын, газет-журнал тұратын үстел үстін(үстінде тұрғандарды астындағы полкаға жинағансып тыға салуға болады), айналарды бір сүртіп, үй ішінде шашылып, ақтарылып жатқан заттарды көзге түспейтінде жерге қою керек, міндетті түрде. Үлкен үстел алғызбай жүргендігіңді мойындап, екі кіші үстелдерді біріктіріп, дастарханын төсеп қою – уақытты үнемдеуге бір септігін тигізеді.

Ескерту: бір сүртіп деген бірінің шаңын біріне жағу емес.

Дайындық: ас

Маманың жұмысына араласпаймыз, жалпы. Бірақ, “турап бер!”, “аршып жібер”, “пісіре сал”, “араластыр!” деген сыңайлы бұйрықтарын орындамауға болмайды. Асханаға “аспаз” ретінде жол жоқ болғандықтан, келер қонақ санына қарай үстел әзірленеді. Орындық тасу, салфетка/стақан ұмытпау,  үлкен/кіші қасық дайындау, ет тартылатын болса, пышақтарды қайратып алу… Алдын ала “не керек?” деген сұрақтың барлық жауаптарын білу міндетті болмаса да, білген қажет.

2 саты: Қонақ келді

Біріміз қалмай кіреберіске шығып “Сәлеметсіздер ма?!” деп сырт киімдерін алудан басқада шаруаң жоқ… Егер қонақ сенікі болса… онда әңгіме басқа… Қонақтардың алдында “құрдай жорғалау” емес, бірақ былай ыңғайын табуға тырысасың деп ойлаймын, жалпы.

Қонақтардың әйел заты асханаға “зып” етеді, ерлері құрылған үстел жаққа жылжиды. Асханада – мама, залда – папа. Кіші кезімізден үйреткен екен – қонақ отырған орынға “сыпыңдап” кірмеу, бірдеңе сұрау былай тұрсын. Қонақ баласын бағуды, тыныштық сақтауды асханада жүруге жасы жетпегендердің біріне жүктейміз. Асханаға кезекші ретінде тағайындалған “қызмет” көрсетуші – шайдың ыстық болуына жауап береді. Қалған қолы бостар – ерігуге рұқсат – қонақ баласын “шұқылап”, жылатасың ба өз еркің, бірақ БІРАҚ тыныштыққа жауапты “қызмет” көрсетушімен қарым-қатынасың шытынауы мүмкін.

3 саты: Қонақты шығарып салу

Біріміз қалмай кіреберіске шығып “Сау болыңыздар!” деп сырт киімдерін беруден басқада шаруың жоқ… Егер қонақ сенікі болса… онда әңгіме басқа… “Сарқыт” деп пакет дайындау керексің ба жоқ па – білмеймін… жастарда ондай жоқ қой деймін… Өзімнің қонақтарымды үйге шақырмайды екенмін :)

4 саты: Қонақтың “соңы”

“Өздембай” шай: үстелдің бір бұрышы тазаланып, жаңартылып “қызмет” көрсеткен ұжымға(ішінде папамыз да бар) шай беріледі.

Шайға қанған “қызмет” көрсетулішер үстел үстін жинауға кіріседі. Салған кәмпит-мәмпиттерді бөліп-бөліп пакет-пакетімен мамаға өткізіледі. Салат сияқты тез бұзылатындардың ыдысын ауыстырып (хрусталь қонақ шақырғанда ғана қолданылатынын бірі білсе бірі білмейді, сосын хрустальді сындырсаң біттің… құлағыңнан қиқу кетпейді), ыдыс жууға тағайындалған “қызмет” көрсетушіге жіберіледі. Ыдысқа жолауға болмайды дегендер үстелді, орындықтарды орын-орнына қояды.

Жұмыс әрбір “қызмет” көрсетушіге бірқалыпты бөлінгендіктен, бір уақытта тамамдалады да бірдей дем алуға рұқсат!

Айтпақшы, мына жазу 2009 жылғы бірінші :)

Келесі бет »