Телепатия ма?
Будильник 6:15 те шырылдады. “Кішкене жата тұрайын” деп қайта ұйықтап кетіппін. Сө мезеттегі түс: Нұрж қызыл водолазка мен қара джекет киіп жатыр екен. Бір уақытта бүкіл картина өзгеріп бір таксидің ішінде қайдағы жоқ бір таксист ыржалақтап күліп жатыр(себебі, бейне артқы орыннан көрінді хе хе)… Қысқасы, ұйқыдан тұрғанымда, Нұрж қызыл водолазка мен қара джекет киейін деп дайындап қойыпты.
Айтайын дегенім, мүмкін адамның не түс емес, не өң емес күйінде басқа адамның ойын оқи алатыны/көре алатыны шын шығар?! Сол күйді қалай ұстап тұрса болар екен? Адамдардың ойын оқып тұрудың қандай пайдасы бар? Керек па, жоқ па?!
И еще… Нұрж, ана таксист кім?
Радио
Қазақ патриоттары тек ғана қазақша тыңдау керек дегенге, ну енді, толық келісе алмаймын. Сондықтан, Европа плюс Қазақстан мен ЭнЭс, Энерджи-ФМ, Авторадио, т.т. радиоларын тыңдайтынмын, құлақ босағанда.
Просто, Европа плюстегі Қалдыбек Жайсаңбай туралы айтқым келіп Гуглден іздесем “6 570 для Калдыбек Жайсанбай”, “Не найдено ни одного документа, соответствующего запросу Қалдыбек Жәйсанбай” және “3 для Қалдыбек Жайсанбай” деген нәтиже берді. Содан білдім өз сайты бар екенін.
Европа плюс Қазақстан эфирін қазақшалап келе жатыр десем қатты айтар ма екенмін, а?…
Жәй эстафета
Өмір туралы
… өмірден кейін де өмір барын тексергім келеді, кейде…
Уақыт туралы
…уақытым көөөп сияқты, уақыт өткізудің сапасы маған мәндірек/маңыздырақ. 1 сағат сапалы уақыт өткізу 10 сағат сапасыз өткізген уақытқа тең боп кетеді, кейде…
Отбасы туралы
… 1.083 209 000 000 000 000 км3 шариктегі 184 м3 кубик – жұмақ сияқты.
Ақша туралы
…әрбір адымыңның ақшалай эквиваленті бары жындандырады, кейде…
Достар туралы
…шүкір… могло быть и хуже
)
Арман туралы
…арман – қанаттандырады
“кар-кар” деп ұшыыыып жүру үшін, кейде…
Жұмыс пен хобби туралы
…жерде аттап, адымдап жүрмесем, жұмыс туралы ойламас едім
Хобби – ляззат алатын жұмыс…
Ұстаным (принциптер) туралы
…толып жатыр… бар-жоғын өзім де білмеймін, кейде…
Ақылға сыймайтын әрекеттер (О безумствах)
…Венера проекті… Ақшасыз өмір сүру образын елестету де қиын…
Болашақ туралы
… степендия деген жақсы ғой, 4 жыл оқып, 5 жыл отрабатывать ететінің болмаса
)
Эстафета Русланнннн-да
P.S. Этафетаны ұсынған Баян
P.S.S. Бұл жәй ғана эстафета. Қарапайым ғана нәрселер туралы жұрттың пікірін білуге арналған.
Жаңа өмір
16 жыл бойы жыл сайын, 16 рет жаңа өмір 1-қыркүйектен басталатын: жыл сайын ескі-жаңа достар, жаңа мұғалімдер, жаңа тақырып, жаңа киім, жаңа… Бәрі бұрынғы болса да сен 3 ай бойында сағынып, 1 қыркүйекте жаңа көргендей болатынсың…
“Жаңа өмір” деген тым қомақты шығар, бірақ бала үшін, оқушы/студент үшін жаңа оқу жылы – науқанның басы, жаңа өмір, жаңа саты(бірақ, сол кезде оған “саты” деп қараған ешкім жоқ шығар).
Оқушы кезде саты 1 жылмен белгіленсе, өсе келе ол сатының ұзақтығы мен биіктігін өзің белгілеп, хе хе өзің секіресің/аттайсың…
Мұғалімдер үшін бір жылы бір жылынан аумайды… Жылда қайталанатын сол баяғы бір тәртіп…
Оқушылар, студенттер, ең бастысы мұғалімдер/ұстаздар, жаңа оқу жылы құтты болсын! Тоқсаннан тоқсанға, сессиядан сессияға, комиссиядан комиссияға(қоңыраудан қоңырауға) аман-есен жете беріңіздер!
Телефон нөмірі
Қызықсыз болса да, мынаны жарияламақпын…
Өрт сөндіру қызметінің бастығының нөмірі:
8-701-101-01-01
Полицей бастығы:
8-702-102-02-02
Жедел жәрдем бастығы әлі 703-ден басталатын ұялы компания сатып алмапты…
“Аруақ лайн” фирмасының бас-шарлатаны:
8707-09-08-07-6
Математиктің нөмірі:
8700-123-45-67
Әдебиетшінің нөмірі өздері сияқты қызық/қияли деп оқыңыз/ болады (Сен қайда жүрсің? Мені осынша сағындырып) :
8701-8-40-7-1000-38
Ескерту: Еш нөмір шындыққа сай емес.
Авторы: Салтанат Н. Е.
Әдемі қылықтар
Пост алғашында “топас қылықтар” еді… Бірақ, мына мақаланы оқығаннан соң, айнып қалдым
Кері істегім кеп кетті:
- Таразыға тұрып салмағыңды білу үшін 10 теңге. Балмұздақ жеп келе жатыр едік, ол ескі, тозығы жеткен таразыға тұра қалып көрінген 4* келіге жымиды да “мінекейіңіз, апа” деп 50 теңгесін ұстатты да балмұздағын жалап кете берді… Мен аң-таңмын…(өзі шитік адамның кг мөлшерін білу мақсатын одан басқа ешкім білмес)
- Оның жұмысқа ерте келетін “ауруы” бар (кейде екеуміз бәсекелесіп те қаламыз). Ертесін алаң тазалаушы апайға базардан алған инжир шабдалысының жартысмен бөліспек ниет білдіреді… Салып беретін пакет(дорба) болмай, қолына салып беруді ыңғайсыз көріп бәрін бере салыпты… (мелочь, а приятно)
- Шет елге кетпек. Жолға еш ауыр киім де, кітап та алғысы жоқ. Ең-ең керек дегендерді алып қалды да, қалғанын балалар үйіне өткізіп тастады…
- “Қыздар, тұра тұрыңдаршы! Мына қыздың қолындағысы азая берсін” деп промоутор қыздың қолынан жарнама парақшаларын ап келді. Осы қылықтан кейін өзіме ұсынылған қағаздардан бас тартпай “рахмет” деп алатын болдым… (негізі, бір көз жүгіртіп шығамын да, дым керегі жоқ болса, бірінші кезіккен қоқыс несіне лақтыра саламын)
- Ақ орамалды апа автобсқа кіріпті. Мен байқамадым да, алдымда отырған ер бала алыстау отырсақ да апайды шақыра орын берді. Ризашылығында шек жоқ. Алматы-1 жақтағы базарға бара жатқанын, немерелеріне сюрприз жасап жер-үйге душ орнатпақ екенін айтып жатты. Ер бала өз аялдамасында “саудаларыңыз табысты болсын”(“удачной покупки”) деп кете берді…
- 2006 жыл. Бұл жігіт Алматыдан 3 күндік жерде практикада. Қыз менің құрбым. 8 наурыз қарсаңында оған жігіттен пәселке келді. Ашсақ ГҮЛ, кәдімгі гаршоктағы гүл. “Женское счастье”. Маған да отросток берген еді
Құнттамадым. Пәселкемен келер деген үміт шығар
)
- Тратуарда келе жатып, алдымда келе жатқан атаны басып озбақпын(тез-тез жүру әдетім). Үлкен кісілердің түкірігі көп болады ғой. Тыпың-тыпың еткен мені естімеді ме, қатарласқанымда басын бұрып аузындағысын жіберіп кеп қалды. Естественно, мен бәсеңдете қалдым, ана кісі тоқтай қалды. “Ойбу, қарағым, кешірші” деп маған. Ал, маған бір тамшы да тимеді. Кешірім өтінгеніне өзім ыңғайсызданып қалдым, тіпті. Үлкендердің жастарды жерден алып, жерге салатынына(грубо айтсақ, тығатынына) етімді үйретіп алғанмын…
- “Гауһартас” фильмінде бір эпизод бар ғой, доһторға қой салып беретін… Сол қылығы еріксіз жымыйтады…
- “ӨТЕ ӘДЕМІІІ қылық”: “Наймансың ба не? Ақшаңның да керегі жоқ! Шық машинадан!”
Менің өмірімнің радиусы зыпымнан ары кетпейді, сондықтан да мына қылықтардың да калибры қомақты емес шығар… Десе де, өз арамызда мәдениеттілік/әдептілік жетіп артылады
Оны көре білу керек те шығар
Өтірік мәтел
Жігіт – жауапкершілігі белгесіз күйеу
Қыз – жауапкершілігі шектеулі әйел
Әйел – жауапкершілігі асыра сілтелінген келін
Келін – жауапкершілігі арттырылған қыз
Кіржуғыш – жауапкершілігі шектелген келін
Ақша – талғамсыз Құдай
Жаным – болмай қалған жүрек
Жақын дос – жауапкершілігі шектелген өзің, болмай қалған егізің
Жұмыртқа – жауапкершілігі белгісіз балапан
Қалтафон – өтірік телепатия
Қасық – жауапкершілігі шектелген шанышқы(вилка)
Қолқап – жауапкершілігі арттырылған қол
Мақал – қысқарып қалған “Қара сөз” /жұмыстан шығып қалған “Қара сөз”
Май – жасанды тон
Маймыл – эволюциясы ұйықтап жатқан адам
Мен – жауапсыз сен
Оқулық – жауапкершілігі арттырылған ақыл-ой
Шаш – жауапкершілігі шектелген жүн
9 – мұрнын шошайтқан 6
Қиял 5
Путевка дайын. Бірер минутым бар… Бұйыртса “Дүниеэйр” жеткізіп салады. Тек сен мені қарсы ал, о дүниеде адасып кетпейін, бұл дүниеде адасып әзер тапқанымды. Мен жеткенше, міне газет-журналдарда, ұзын-қысқа құлақтардан әңгіме:
Зере екіқабат. Алдыңғы аптада кеп кеткен, шөбереме құда түсуге. 10-ы баласынан кейін “Қаһарман ана” деген медаль алып еді ғой, былтыр 20-сышын туып “Халық анасы” орденімен марапатталған. Меніңше, матриархат құрмақшы. Гавай аралдарынан бір аралды таңдап қойдық деген бір сөзінде. Жеке мемлекет құрамыз ба деп қояды… Жеке конституциясы бар, Матриарх мамасы бар, Туы бар, ну очм барлық прибамбастары бар бір кіші-гірім мемлекет болмақ.
Руслан, Руся, Русланнн(Русико, Русипо, Рускантус, Русжан, Руснұр, Русгүл(удачный эксперимент), Русберген, Русалған, Рустуған, т.т. аттары есімде жоқ) Нобель премиясын алғаннан соң алжыған профессордан аумай қалды. Өз аппаратымен клондарын жасай берген, жасай берген… Қонаққа келсе шатасып кетемін, ең құрығанда әртүрлі киінсе шіркін… Бірі ғана келмей шұбырып келетінін қайтесің…
Айкона Антарктидаға тас көрмесімен кеткен. Ағарып келетін шығар енді… Моншаға заказ беріп кетейін, бір қыздырынсын.
Көңілашар 2030-дан соң Жапонияда дүкен ашқан еді ғой, есіңде ме? Сол қазір жүйе боп, Жапон нарығын жаулап алғандығы сондай жапондықтар “Жанна теориясын” әлі зерттеп жатыр дейді. Онымен талай сөз болды да, бірақ жапондықтар “ғылыми жауап алмай тоқтамаймыз” деп жапондықтар қазақ тілін үйреніп, дүкенге шпион-сатушы жіберіп көне американ киносындағыдай болыпты.
Дәруішөлгенді дәруішөлгендіктер Сат мемлекеті деп өзгертіп тастағанына 30 жылдай боп қалыпты. Патриархаттың патриархы кім екенін біліп отырған шығарсың… Олардың Братзаңы бойынша патриарх 2 ғасырға сайланады, осы орайды Русланнның клонизаторының көмегі тиді. Патриарх жас болғанда 3 клон қатырылып қойылған, әрбір 60 жыл сайын сол клон “жаңаланып”, тірілтіп тұрады екен.
Дәрішөлгендіктерге мәдениеттілікті үйретуге Қазақстандық қайырымдылық қоры ашылған. Жетекшілері: Жан-айна, Эльвира, Аңсар(виза берілмесе де, Дәруішөлгендіктерге жанашыр), Әлия, Өрімтал, т.т. мен танымайтын адамдар. Қор жетекшілерін “Дүниеэйр” ақысыз Жұмақ санаторийына жолдама алдын ала дайындап қойған(оған екінің бірі қол жеткізе алмайды). Патриархтың бұйрығымен шығарылған “Қазақша боқтап үйренеміз” атты кітап Қазақстанда 2-і басылып шығарылып, қайырымдылық қордың дайындаған “Мәдени нақ” кітабы Сат мемлекетінде n данамен таралмай қойса керек. Кейін, Қазақстандық шпион(дәруішөлгендік тілде “өсекші”) Гастарбайтер кітаптың қазақшаға аударылып “Қазақша боқтап үйренеміз” деген атпен Қазақстанда сатылғанын айтып, нақты ақпарат беруге дайын екенін айтып, қорғаныс сұрапты дейді Қитартас.
Ең танымал бренд “Баян модс” болып тұр. Дәруішөлгендіктермен тіл табысып(аудармашысыз!), Жапониямен қатынасып жүріп, Саян3-тің көмегімен Галактикалық дәрежеге жетіп Корпорация болып кеткелі жарты ғасыр уақыт өтті. О дүниеге кететін болып, жарты ғасырлық юбилейіне бара алмайтын болып отырмын. 2010-да еденін тескенім жетер ия?!
Айко бас бостандығын ақ найзаның(100 томдық энциклопедия-аударма) ұшымен қорғап, атқа(бір адамдық ұшақ-аударма) қонып Саян3-тің көмекшісі боп, бала-шағасын Венераға көшірген. Құрығанда, аптасына бір көретін күйге жеттік…
Щеголдардың күнін көрдің ғой, бірі танк зерттеп, бірі комп зерттеп, бірі аударма зерттеп, бірі бағдарлама оқып, бірі өлең жазып, бірі ән айтып, т.т. қазір одан миллион есе артық… Біздің кезіміздегідей өмір жоқ… Тірі, шынайы өмір…
Балаларды, немерелерді уайымдама, Құдайға тапсырдым(Шөберелерімді Зереге тапсырдым)… Жыласаңдар қайтып келем деп кеттім
Менің рейсім келді… Кездескенше…
Е…қызы, *** келіні Салтанат
31 шілде 2065 жыл Жер уақытымен 24:00
Аударған Салтанат Н. Е.
Ескерту: ешбір ақпарат шындыққа сай емес. Бір ғана шындық – туған күнім мен өлген күнім бір болғанын қалауым
Папури…
Үйреншікті тілмен жазайыншы, а то болмай қалады
Зыпы = З/п – заработная плата
***
Сен едің сезімді еріксіз баураған,
Көңілдің алауы бір сен деп лаулаған.
Сән-көркің көз тартып,
Жүректі жаулаған.
Зыпым-оу, қалқышы қайтадан көгімде,
Сен едің аңсарым, күтерім өмірде.
*** (жалғасын оқу…)
Тойың тойға ұлассын…
Той дегенді өз басым жақсы көремін, бірақ басыма той әлі бұйыра қоймағандықтан басқалардың тойына қызыға қарайтыным да бар.
Тойдың атмосферасы ұнайды: “өп!” деп мейрамханаға кіргеннен әдемі-әдемі, түрлі-түсті көйлектер киген ұл-қыздар жүгіріп жүреді, үстел қамын ойлаған жеңге, асабамен сөйлескен ағалар да, шаңырағы кеңейген ата-ана қуанышы… Бәрі бәрі ауады ұшып, қалқып жүреді…
Зере өз тостын айтты, мен тойда айтсам “Айтылған тілектерге толығымен қосыламын” деп “құтылып” кетер едім, Зеренің айлық үлкендігін қолданып қалып
Сосын 8-үстел “три-четыре АЙ ДА ТОООСТ” деп шатыр-шұтыр стакан соғыстырар еді
Қуаныш пен Әселге бақыт, мәнді де сәнді ғұмыр тілеймін.
Бір жұп өздерінің “алтын тойын” тойлап жатыпты. Сонда бір журналист қыз келіп: “Апа, сіздің сонша жыл бойы жұптарыңыз жазылмай, қолтықтасып келе жатқандарыңыздың сыры қандай?” депті. Апа көп ойланбастан “шыдамды болу керек” деген екен.
Семейная жизнь оңай еместігін айта береді, айта береді, оларға сенбеңдер
бәрі өтірік
Бір-біріңе сенсеңдер болды дер едім
“Сендерге әрдайым орын бар,
Ақ отау төріне қоныңдар
Ақ тілек батамыз, мінекей,
Бақытты болыңдар, болыңдар!”(с)