Ұрлық әдістері
Мұнай сақталатын резервуарға кірпіш тастап жібересіз де, тексеріс келгенде нақты/ шын деңгейді көрсетесіз. Ол жоқта, өтірік деңгейді көрсете бересіз, жаза бересіз… Содан, артық қалған мұнайды (кірпіш биіктігі*резервуар табан ауданы) цестернаға құйып ап кете бересіз
)
Тағы бір бәріне белгілі әдіс бар: мұнай өтетін құбырға өз құбырыңды жалғау хе хе Қысымы түспейтіндей қылып алу керек, а то біліп қойса не то болып қалады
)
Мұнайды тексеретін зертханаға/лабораторияға кесемен барып, ожаулап құйып, шелектеп алып кетесіз!
Өтірік-шыны аралас әдістер екенін түсініп тұрған шығарсыз
Әрине, бұл әдістер тізімі жалғаса береді
Темекі жайлы
Сол жайлы ақпарат керек болып, орысшадан қазақшаға аударып, жинақтаған материал. Кім білсін, біреу-міреуге керек боп қалады ма деген ой ғой…
Темекі шегу туралы ақиқаттар немесе сіз білесіз бе?
1) 1492 жылы 12 қазанда Христофор Колумб белгісіз аралдың (қазір Америка екенін білеміз ғой) жағалауына келіп тоқтағанда арал тұрғындары қонақтарға күнге кептірілген бүктеулі жапырақ ұсынады.Олар оны «петум» деп атаса керек. Колумбтың екінші саяхатынан соң табак дәні бірінші Испанияға, содан бүкіл жер бетіне тарап кеткен. Табактың кең таралуы – оның тәуелділік тудыру қасиетінде.
2) Темекі түтініне ерекше «аромат» пен «дәм» беру үшін адам зәрінің құрамына кіретін урина дейтін химиялық компонент қолданылады;
3) АҚШ-та темекі шегетін әйелдер саны (22%) шылым шегетін ер адамдар санына жетіп қалды (35%). Европада айырмашылық 20 пайыздай(46 пайыз ер адамдар, 26 пайыз әйел адамдар). Статистика бойынша темекі тартатын әйелдер саны шылым шегетін ер азаматтар санынан әлдеқайда аз.
4) Шылым шегушілердің көбі Американың Кентукки, Индиана және Теннеси штаттарында тұрады екен.
5) Жылдан жылға ең танымал темекі маркаларының өнімдерінде никотин мөлшері артуда.
6) 1970 жылы АҚШ президенті Никсон темекі қорапшаларында ескерту жазуларды қолдануды міндеттейтін және темекі өнімдерінің жарнамаларын телеарналарда жүргізуге тыйым салу туралы заңға қол қойды.
7) Темекі – ең сатылмалы тауар. Жыл сайын әртүрлі елдерде 1 триллиондай «темекі» сатылады.
8) АҚШ-тың темекі өндірісінің басты табыс көзі – темекі экспорты, яғни сыртқа сату. Американың өзіне қарағанда, басқа елдер американдық темекілерге толы. (жалғасын оқу…)
Қыздарға: анемия
Бойжеткендер мен ана болмақ келіншектерде жиі кездесетін ауру – қан аздық(анемия).
Себептері: қан құрамында темір аз болғандықтан болады. Кей жағдайда, кальцийдің де жетіспеушілігі анемияға “жеткізеді”. Мұрыннан қан кету, етеккірдің жиі әрі ағыл-тегіл келуі, тіпті тіс қызылетінің қанталауы да себеп бола алады екен.
Салдары: бас айналу, өңсіз тері, тез шаршау, әлсіздік, шаштың/терінің құрғақтығы. Қан құрамындағы қызыл түйіршіктердің концентрациясы азайюынан жүрекке күш түседі – ағзаға жеткілікті оттегін жеткізу үшін жүрек өзінен көп қанды өткізуі қажет. Темір дене температурасын бір-қалыптандыратын элементтердің бірі болғандықтан, орта температурасының ауытқулары сізге қатты байқалуы мүмкін(мысалы, суық болса, жылына алмау сияқты).
Сау боламын десеңіз: жейтін астың құрамындағы темірді толық ағзаға сіңіру, құрамында темірі көп тағам жеу, мысалы бұзау еті, бауыр, шек-қарын, жұмыртқа сарысы, балық, қою жасыл түсті көк-өністер/жеміс-жидектер(брюссель қырыққабаты, шпинат, брокколи, т.т). Темірдің “игерілуіне” кедергі болатын да “заттар” бар: қызылшадағы, щавельдегі, шоколадтағы, т.т. оксалаттар, пакеттегі сорпалардағы, сырлардағы, т.т. фосфаттар, кока-коладағы, кофедегі кофеин және шайдағы таниндер. Ең тиімді жолы – үйлестірілген диета.
Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі
Жан, тән сау болсын!!!
Ең қарапайым тамақтану кестесі:
сағат 9: таңғы ас – ботқа(күріш, сұлы, қарамық(гречка), т.т.
сағат 11: сұзбе, ірімшік, йогурт, жалпы сүт тағамдары
сағат 13: түскі ас. Сорпа да, екінші тағам да болуы қажет. Бәрі суға/буға пісірілгені жөн.
сағат 15: жеміс-жидек.
сағат 19: кешкі ас(шай, кофе дегенді аз мөлшерде ішкен дұрыс).
сағат 22: 1 стақан айран.
Ескерту: өз бетіңізбен емделудің салдары аурудан да бетер болуы мүмкін, сондықтан анемияға күдік болса дереу доғдырға қаралыңыз. Ден-саулық ойыншық емес
Уақыт…
Ашуым басылып, сабырлық оралып, өз сабама түстім… Бірақ, бар ашумен келген ойларым жоқ боп кетті… Бірдеңені түсіндім, бірақ нені екенін әзірге білмеймін…
Сіздермен бірге түсініп көрсем қалай қарайсыздар? Тек, күлмеуіңізді өтінемін…
Уақыт деген сөзді әркім әрқалай қабылдаса керек, әркімге оның құндылығы әртүрлі де. Уақыт дегенді “өмір” деп түсінсе қалай екен?! Енді қараңыз, сізбен бір уақытта кездесуге келістік. Сіз кездесуге бірер сағат қалғанда кездесуге келе алмайтыныңызды айтып хабарластыңыз. Сонда не болды дейсіз, сіз сізге бөлінген менің “өмірімнің бір мезетін”=уақытымды “жойдыңыз”. Ия, дұрыс қой(!), бізге тәуелсіз жағдайлар да боп тұрады, оны да естен шығармаймыз ғой. Десе де, уақыт белгілемес бұрын басқа қосалқы жағдайларды есере отырып белгілеген дұрыс деп ойлаймын – өз уақытың мен өзгенің уақытына бармақтай болса да сый/сыйластық ретінде.
Енді, адамның уақытқа деген көзқарасы “өмірлік фазалардың” қайсыссында қалыптасады? Мен де бір күні ана болармын, сонда балама уақыттың не екенін қалай және қашан түсіндерер едім?! Ең бастысы, айтқаныма ісім сай болуы керек болар ия?! Бірінші “фазаларда” уақыт деген “қазір”, “ертең”, “сосын”, “ерте-кеш”, т.т сөздермен өлшенсе керек, кейін есею барысында өзің біле бастайсың ғой “2 сағат”, “түнгі 1″, “таңғы 4″, т.т уақыт өлшемдерін. Ата-ананың рөлі қандай?! “Кешікпей кел” деген не? Бұл ой бұрын да болғандай/айтылғандай – дэжавю?
Бос уақыт… Дем-алысқа бөлінген уақыт деп түсінген дұрыс емес сияқты, біртүрлі. Бос уақыт – бос уақыт, ешкіммен, еш нәрсемен “толтырылмаған” уақыт. Сонысымен қызық та… Қалай жұмсаймын десең солай жұмсайсың – бос құмыра сияқты, немен толтырғаныңа байланысты өзіңе қайтады. Жәй мысал, артық уақытты дем аласқа/ұйқыға кетірдің – өзіңе пайдалы, шаршаған ми/дене тынығып қалады(сізден басқалар да дем алуы керек қой, анда-санда); кітап оқыдың – қазір пайдасы көрінбегенімен, сөз алысың, ой өрісің, тіпті білім деңгейінің өзгергенін бірер уақыт өте көресің; достарыңмен кездестің – көңіл көтердің, бар жиналған шеріңді шығардың, басқаның көзқарасын байқадың – өзіңмен салыстырдың; мексикан сабыноперасын қарадың – жылап-сықтап, ертесін ұмытып кеттің; тағысын тағы толып жатқан бос уақыттың қолданысы. Ал, менің бос уақытым қайда кетіп жатыр?
Негізі бұл ойлар “өз уақытың” мен “өзге уақытының” арасындағы айырмашылықтан басталған еді.
Болды енді
Ары қарай қазбалаудың қажеті шамалы
Түсінгенім бұрыннан белгілі, өзіме де өзгеге де… Уақыт – қайтып оралмайды, сіздің де менің де
“Қазір” мен “тура қазірдің” ортасындағы баланста жүру деген қандай…
148
Құлагер ықшам-ауданында не мектеп, не сауықхана/аурухана, не балабақша болмаған, бүкіл Құлагерге бір-ақ маршрутка – нөмірі восемь(кафе-мафесі былай тұрсын, Алматының адам баспас ауданының бірі). Бірақ, ҮАК-үлкен Алматы каналы өтетін парк бар, футбол мектебі бар, ылғи ұлдар оқитын ПТШ(орысша) да бар, автодром жақын маңда, ипподром алыс емес, “Карина” қағаз фабрикасы мен “Дербес” сыра зауты бар.
Былтыр мектеп салына бастады. “Ойбой! 2000 оқушыға, президенттік мектеп, бассейні болады, спорт зал, интерактивті тақта, т.т толып жатқан новороттары болады” деп жарнамалады. Тұрғындар да тыныш жатпай бірі қазақ мектебі болсын деп, бірі аралас мектеп болсын деп, баяғы… ГУ-ГУ өсек! “пшту! қазақ активистінің үстінен арыз жазып жіберіпті!”, “орыс балаларының саны көп екен!”, “басқа ұлттар да жыбырлап жүр екен!” … Сөйтіп, қыркүйекте ашылмақ мектеп қазанда ашылмады, қараша – ашылмады, 1-желтоқсан әкімнің өзі келіп “бетін” ашып, “тұсауын” кесті. Қандай мектеп болды дейсіз? Біздікіліер жеңді
№148 президенттік қазақ-ағылшын тілдерін тереңдетіп оқытатын қазақ-гимназиясы!
Атының өзі “жер жаратын” бұл мектептің мұғалімдері қатаң таңдаудан өтті. Өтуін өтіп алып, не суы жоқ, не электртоғы жоқ мектептегі сыныптарын өз қолдарымен “тыртыңдап” тазалады.
Ия, мектеп ҮЛКЕН-3 қабат, қаталеспесем 8 қанат(блок, корпус)! Әр сыныпта интерактивті тақта, компьютер, кейбіреулерінде тіпті принтер, мектепте бассейн, асхана(пюре – 50 теңге, шай – 25 теңге), ағылшын тілі өтетін сыныптар, физика және химия кабинеттері толығымен жабдықталған, спортзал, салтанат залы, мәжіліс залы бар, корридорлары бояумен салынған суреттерге толы, екі шахмат тақтасы бар(неге екені белгісіз, құлыпталынған), қысқасы СУ ЖАҢА мектеп. Оқушылардың бәрі әртүрлі мектептерден жиналғандықтан тез тіл табысып, енді тест тапсырып ағылшын-қазақ-жалпы боп бөліну керек болғанда қимай бір-бірін қызық бопты.
Қазақ балаларының білімін арттыру жолындағы “шайқастың” басталғанына бір айдай болыпты. Кеш те болса, мектептің мұғалімдер ұжымын, болашақ қазақ зиялыларын жаңа қоныстарымен ҚҰТТЫҚТАЙМЫН! Ерінбей-жалықпай еңбек етулерін тілеймін!
Жай-әншейін
Осындайда, сол баяғы Интернеттегі, спам есіме түсіп кетеді: бір бала өте ашуланшақ, қызу-қанды екен, елдің бәріне жаман сөз айтып, өкпелетіп, ұрсысып жүреді. Бір күні әкесі шақырып алыпты да бір уыс шеге мен балға береді “адамға жының ұстағанда мына шегеден бір талдап ана тұрған қашаға қағып қой!” деп. Күннен күнге шеге саны азая береді, бала өз эмоцияларын жинауға, ашуын басуға үйрене бастайды. Шеге біткеннен соң әкесіне келген балаға “енді, әрбір сабыр сақтаған жағдайыңда шегені қайта суыр” дейді. Бір де бір шеге қалмағанда баласын әкесі сол қашаға алып келіп: “енді қарашы, сен ашуыңды басуды, сабырлықты үйрендің. Ал сен өкпелеткен адамның жүрегінде осындай тесік қалады” деп шұрық-шұрық қашаны көрсетіпті.
Кейбір адамдар елді өкпелетуден жалықпайды, “ұмытты-ау” дегеннің өзінде де “сыр-сандықтың” түбінде бір “тыртық” қалады. Білемін, өзінің жоғары екенін көрсету үшін де, санасына жетсін деп те қатты-қатты айтылады. Бірақ, әр нәрсенің шегі болады. Қазақтың жақсы қасиеттерінің бірі – жұрттың көңіліне қарау. ЖОҚ, оны жағымпаздық деп білмеймін, елеңдеу деп те білмеймін… Өз ойын, өз көзқарасын басқаның “ӨЗІМ” дегеніне тиіспей жеткізу.
Бір-бірімізге АДАМ деп қарауға үйренейікші
Эксперт көзімен
Асет Қалымовтың “Қазахстанская правда” газетінде жарияланған Георгий Папафанасопуло Анастасовичпен сұхбатынан өзіме “керек” деген материалды аударып алдым:
- 2005 жылы “Ақтөбемұнайгаз” 385 млн м3 газ жағыпты. Бұл көлемнен 2,5 млрд киловатт/сағат өндіруге болады екен. Ақтөбе аймағына 1,5 млрд сырттан сатылып алынады.
- Жамбыл ГРЭС 5,3 млрд киловатт/сағат өндіре алады, бірақ үштен бір бөлігі ғана – 3,2 млрд – өндіріп отыр.
- 1990 жылы оңтүстік – 26 млрд киловатт/сағат тұтынылса, 2007 жылы – 15 млрд болған.
- 1977 жылы Балхаш көліне жақын Шығанақ теміржол станциясында ГРЭС-і үшін ең қолайлы деп шешіледі, сол кездегі жобаланған өндірістілігі – 25 млрд киловатт/сағат.
- Евросоюзде 60 %-дан төмен ПӘК (КПД) электроэнергиясын өндіруе тыйым салынған. Біздің елдегі ең-ең деген электростанциялар 40 %-дан төмен ПӘК-пен жұмыс істеуде (Екібастұз – 37.6, Жамбыл – 39%).
- Кеңес уақыты кезінде Екібастұз электростанциясының күлі Байкалға жеткен.
- Әлемде кең таралған газопоршындық қондырғылар шикі мұнаймен, мазутпен, сонымен қатар тазартылмаған газбен де жұмыс істейді. ПӘК-і 45 %-дай және мұнайөндірісінің қосалқы газын қолданып арзан электроэнергиямен қамтамасыз ете алады.
Қонақ

Сауықханаға маған қонақ қыз келді. Сыңғырлап «келем» дегенін естіп, өзім де тосып жатқанмын.
Мен әңгімемді айтып бола сала қонағым «давай не будем о грустном!» деп өз әңгімесіне, жаңалықтарына көшті. Содан «тырқыл» басталды.
Кешкі астан келген көршілерім бір-бірін естімеді ме, бізге кедергі болмайын деді ме шығып кетті.
Қонағымның қимылы, дауысы, интоннациясы, сөзі, вообщим спецэффектісі жынды-жынды. Мен деген кеудемді ұстап алғанмын, қалаш сияқты жиырылдым да қалдым, дыбыс шығара алмай, көзімнен жас деген кетті мөлтілдеп. «Саған күлуге болмайтын шығар!? АХА?!» деп қояды да өз дегеніне басады.
Оңай емес кезімде күлкі сыйлаған ҚОНАҚқа шексіз алғыстымын!
Кешірім

«Не бывает плохого опыта, есть уроки» деген сөз есіме түседі.
Бір айдана аса орнымнан тырп етпей жатуым былай тұрсын, ата-анамды, әсіресе әжемді жылатқанын қалай кешіремін?!
Мамам естігеннен бірнеше күн бойы көңілсіз жүріпті. Ырымшыл менің мамам. «Қызы көп үйге стиралканың керегі жоқ» дейтін әкемізді көндіріп, мен құлаған күні кір жуғыш машинаны әкелген болатын, «Салтушка үйге келсін!» деп қостырмай қойыпты.
Әжем сол күні үйге, әдеттегідей телефон соғып, амандық-саулықты сұрап, «қыздардың бәрі аман ба?» дегенге мамам шыдамай бәрін айтып берген. Сөндірулі телефоныма талай звондапты да. Екі күн өте бірақ сөйлестік, оның өзінде де жылап жіберіп нағашы апама бере салды трубканы.
Көршілер
Бірінші күні палатада Сабира деген апа және қасында болуға қалған қызы-Лейла сосын мен ғана болдық.
Сабирадай кісі көрген емеспін! Отыз(!) жылдай ет жемеген, алпысқа келсе де әлі шпагатқа отырады екен, мамандығы мәдениеттанушы болғанымен, мектепте сурет пен қолөнер сабақтарын берген екен, кейіннен Питерге барып дизайнердің оқуын оқып алса керек, жер-үйіндегі (қазіргіше – коттедж) барлық орындық бастарын, баспалдақ перилаларын, тағы да басқа дэкорлық бұйымдарды өз қолымен жасапты. Сабира апа(апа деп айту жасына сай, бірақ түріне қарасаңыз тәте деп айтуға тұрарлық, 40-тан жаңа асқандай көрінеді) аса мәдениетті, аса дана адам. Қайта-қайта сұрақ қоя беруге ыңғайсыздандым, бірақ сұрақтарым өте көп еді.