Монти айтып өткен каллиграфия көрмесіне бардық.

Не білдім?

- Құранды тираждап шығаратын екі ғана баспахана бар екен: бірі Мединада, екіншісі Куала-лумпурда.

- Құранды төте жазумен жазу үшін 7 жыл уақыт кетеді екен.

- Құран жазылғанда бірінші қолмен, яғни адам, кейін тиражға басылады.

- “Калиграфия көрмесі” деп қазақ-ағылшын-араб тілінде жазылған Құран таныстырылды. Екі жылдық еңбек. Қағазының өзі қағаз емес полимерлі , дизайні де басқа – қазақша оюлар қосылған. 10 000 дана! (Біз тегін алдық. Енді “қорғап жүріңдер” дейді… Кімнен, неден түсінбедім?!)

Ертең де жүреді. Барып көрсеңдер менен жақсы айта алатын шығарсыңдар :)

Парасат қонақүйі, Аль-Фараби/Достықтан жоғары, Елебеков көшесі, 10 үй, екінші қабат :)