“Бізге кел. Біздің жоба ешкімде жоқ. Анау болады, мынау болады. Әзірге жалғыз инженер боласың. Кейін депортаментке айналады. Пәлен-пүштен” деп құлақтан “теуіп”/қызықтырып, өз компанияларына ауыстырып алған еді.
5 айдан кейін не ақша жоқ, не “күшті” жоба жоқ.
Бастықтарды сынауға болмайды. ӘРИНЕ!!! Бірақ, менің ойымша келесідей қателіктер кетті(!):
1) Әкімшілік: тұрақты бастық 5 ай ішінде 3 рет өзгерді;
2) Жұмысты ұйымдастыру: басынан еш уақыты мен қаржылай жоспар (план) болмады; (шынымды айтсам, “жоспар” керек деп түсіндіре алмадым)
3) Қызметкерлер: көбіміз компанияның мақсаты мен өз мақсатымызды бір деп санамадық, тіпті ондай болу керек деп ойламадық. Және де, кейбір қызметкерлерге “танысым”, “сыныптасым”, “досым”, “жерлесім” дейтін жеңілдіктер/иммунитет болды.
4) Жұмысшылар: бастықтарға шарттар қоятын болды. “Жаман қатын “кетемін” деп қорқытады” демекші “біріміз қалмай кетеміз” дейтінді шығарды. Ал, бастықтар талаптарын екі етпей орындады.
5) Шешімдер: түске дейін бір шешім, түстен кейін бір шешім, бұйрық күніне бірнеше өзгергені былай тұрсын, сағатына бірнеше рет өзгеретін болды.
Қалай ойлайсыз жоғарыдағы 5 пункт қандай болғанда компанияның жағдайы тамаша болып, жоба жоғары өрлер еді?
Мамыр 7, 2011 at 8:22 am
басшылық қызметкерлермен ақылдаспайтын, ақылдасса да құлақ аспайтын біреу болған сияқты ғой. Қайткен күнде де басшылықтың өз мақсатын дұрыс бағдарлай алмағанынан болып отыр ғой.
Мамыр 7, 2011 at 9:58 am
Мына жағдай біздің ҚазАқпараттың басындағы жағдаймен бірдей екен Салтанат.Бізде де тура осы хаус.
Мамыр 7, 2011 at 12:51 pm
осындай бір келеңсіз, келісімсіз иттік өмір барлығымыздың басымызда бар. Басшылықың өзі басқарып отырған саласын білмейтін топастығы тентіретіп бітті!!!
Мамыр 7, 2011 at 8:10 pm
Осындай жағдайларды көріп, Құдайға тауба деймін жөні түзу басшылық бұйыртқанына…
Мамыр 8, 2011 at 9:14 am
Ағаш бір жерден көгереді, демек ұзақ отырған бастық жұмысты дұрыс арнаға бұрған болуы керек. Немесе, көп көргеннен сұрау керек (бізде бастық өз орнын вицеге беріп, өзі кеңес төрағасы болып тағайындалды)
Кез-келген жобаны бастамастан бұрын, экономисттер күнтізбелік жоспар құрады. Ол жоспарда, тапсырыстан түсетін қаржыны жұмысшының еңбектенген әр сағатына дейін бөліп көрсетеді. Яғни мыс. 1 сағаттық жұмысты нормаға байланысты белгілейді, ал жұмыс 2-3 айға созылады, жобаға қатысатын әрбір жұмысшыға осылайша жоспар құрып, тапсырыс берушіге өз ұснысын көрсетеді.
Сосын кез-келген мекемеде басшылықтың туыс-танысы болады. Бірақ туыстардан бөлек «муравейлер» де болады (тас арқалауға да дайын, қарапайым жұмысшы). Тап осы муравейлер жұмыс өндіруші, ал туыс-таныс дегендер муравейдің көлеңкесінде жүреді. Жалақыны екеуі де бірдей не муравей төмен алуы ғажап емес.
Сосын жалақыдан бөлек, басшылық жұмысшыларға «сыйақы» немесе «шабыттандыру» (ынталандыру, орысша стимулирование) қарастырып тұрғаны дұрыс.
Ал шешім жағына келсем, тура менің жобалау жұмысымда, шешімді ғимарат салынып біткенге деуір ауыстыруы мүмкін. Нақты ештеңе жоқ, кей мәселелер құрылыс уақытысында шешіледі деп жоба жасаймыз.
Мыжып кетсем, кешіріп қойың
Мамыр 9, 2011 at 5:20 am
бәрін айт та бірін айт, 127-129 баптар(ҚР еңбек туралы кодексі)орындалғанын көрген емеспін
жалаң энтузиазммен санаңды улап, жылысуланып жан сақтап жүргені
Мамыр 9, 2011 at 6:58 am
мынау таза отмывание денег деген нарсе ма дим )) бастыктардын ауысып, жобанын алдыга журмеуы – бул ешкымге керек емес ыс, тексерыс те болмайт дегены гой. ыс те алга баспайт, себебы ол ешкымге керек емес, ешкым ешкандай результат кутып отырган жок. керегыне кол жеткыненнен сон тук шыкпады деп компанияны банкрот жасай салады )) .. “жоспар” керек деп түсіндіре алмадым деп жазыпсыз.. типа тусынбегендеры го.. ягни типа быр компания типа быр жобамен типа жумыс ыстеп жатыр ))
Тамыз 11, 2011 at 1:41 pm
мумкин кателикти озимиздин бойымыздан издеймиз.