“Көзіңді көтерші”  (өзімше аударған порымым)/ “Подними глаза” атты кәсіби репортаж фотографиялардың көрмесі.

Ұйымдастырушылары: mechanical piano дизайн-студиосы, Нұр Отан партиясы және V[O]X POPULI фоторепортаждар сайты.

Уақыты: 22 Сәуірге дейін сағат 16-дан кешкі сағат 8-ге дейін болады.

Адресі: Тұрғыт-Озал көшесі, 100 (Төле би көшесінен жоғары). Әпкелі-сіңлілі Габбасовалар би-театрында.

Кіру тегін.

Менің алған әсерім: идеясы жынды (жақсы мағынада). Жылататын да, күлдіретін де – музыка. Фотографияларда не көрсетілсе де, музыка сол суреттен “мағына көр” дегендей боп тұрды. Мүмкін, менің музыкаға көп мән беретіндігімнен болар…

Керекинфоны, Өзімізді (Ақзере, Айкона, Монти, Балғырған) жазып кеттік (“Рахмет анау-мынау” демей :( ұяттау болды-ау деймін)

 

Не де болса, екі таяқша боп тұрған зарядкам үшеуге толып, қуаттанды. Ұйымдастырушыларға, “кеттік” деген қыздарға мың да бір алғыс :)