Балғырған


Йога

Posted in Ожаулап by balgyrgan on December 26, 2009

Бір ай бұрын, көрші үйден фитнес-клуб ашылды. Адам аз. Көбіне кішкене бүлдіршіндер екен. Нұрж екеуміз, біз қатарлас қыз-келіншектер “қозғалғанға” дейін тоса тұруға келісіп, телефон, андай-мындай байланыс амал-айлаларын тастап кеттік. Содан не керек, бір ай дегенде топ ашылды… Нұрж менімен бір топта болғанды қаламай шығыс биіне барайын деп тұрған мен йога сыныбынан бірақ шықтым.

1 күн:

Дұрыс тыныс алуға арналған жаттығулар. Негізі, үйренуге болады екен.

2 күн:

Дұрыс тыныс алуға арналған жаттығуларға қоса сіңірді созу жаттығулары… Өліп тірілдім десем де болар…

Инструктордың сөзінен:

- үшінші көзді ашып, адам ойын оқуға болады;

- адам қиялының күші адамның өзіне белгісіз;

- йога арқылы адам аурасын оқуға болады, сонда психология, қылық тілі, көзің түсі, алақандағы сызықтар, т.т. жолда қалады; (айтпақшы, менің аурамның түсін айтты, интернеттен оқып, өзімде өзгерістер енгізгім кеп кетті)

Жан, тән сау болсын!!!

6 Responses to 'Йога'

Subscribe to comments with RSS or TrackBack to 'Йога'.

  1. arsenal777 said,

    “адам ойын оқуға болады” дейсің ба))…

  2. blogbershi said,

    “адам ойын оқуға болады” , “менің аурамның түсі” дегендерге тоқтала кетесің бе? Қызықтырып тұр!)))

  3. urimtal said,

    Инструктор йоганы өзі қайдан үйреніпті? Әйтеуір бұрыс нәрсені үйретіп, денсаулығыңа зақым келіп жүрмесін.

  4. Ақзере said,

    Күшті! Жақын болған соң тіпті жақсы ғой. Жақсы өтсін сабақтар, көрген-білгендеріңмен бөлісе жүр :)

  5. Symbat said,

    Маладесс! Иога көп нәрсеге көмегі бар дейді ғой. Мен медитация жасай алмайм, жыбыршып отырам :
    Иогадан ішім пысыыип кететін сиақты.. Қымбат па? Тағы қандай секциялар бар екен? Кейінірек нәтижелерін жаза кетесің бе пажалыста?

  6. balgyrgan said,

    Әлия, blogbershi, ой оқып үйреніп жатсам, обязательно айтпайм :)

    Асхат, шынымды айтсам соны сұрамаппын… Ден-саулыққа тек пайдасы тиед деген үміттемін.

    Ақзере, Сымбат… жақсысы жақсы сияқты… степ аэробика, қазіргі заман билері, каратэ, шығыс биі, латын билері(тек бүлдіршіндерге)… болды ғой деймін… Қымбат емес :) Нәтижелер болып жатса жақсы ғой :) )


Leave a Reply