Ойыншық: “Матрешка”
Ресей белгілерінің бірі Матрешка, 19 ғасырдың аяғында Абрамцев Хонсю аралынан(Жапония) алып келген будда данасы Фукурума ханымның образынан алынғанын, тіпті орыстардың өзі біле бермейді. Халық аузында Матрешкалардың алғашқы нұсқасын Хонсю аралында тұраған орыс шіркеу қызметкері(короче монах) ағаштан жасай бастаған деген әңгіме/аңыз қалған. 1890 жылы Василий Звёздочкин алғашқы орыс матрешкасын ойып жасаған да, суретші Сергей Малютин оларды қыздар мен ұлдар етіп бояған екен. Сол матрешкалардың киімі қарапайым болған: сарафан, алжапқыш, әтештері бар орамал және 8 фигуркадан құралған(ну бірінің ішіне бірі салынады ғой, сол 8 болған). 8-і қыз-ұл болып алма-кезек ауысумен қатар киім түстері де өзге болып тұрған екен, ең соңғысы бөленген сәби болған.
“Матрена” деген есім сол уақытта өте кең тараған. Содан кеткен “матрешка-матрешкалар” деп…
уақыты Қараша 13, 2009 уақыты 6:45 тд
Менде де болған осындай матрешка. Бірақ, менде 8-емес, бір түйір болды. Қаңылтыр. Орыстың ұлттық көйлегі, басында орамалы болған:) Кілтпен бұрайсың, сонда билейді. Тегіс үстелдің үстіне қоймасаң, дұрыс билемейтін
Ағаштан жасалғандары болады ғой, солар әдемі негізі.
уақыты Қараша 13, 2009 уақыты 7:08 тд
қолдан жасалған ойыншықтар:
))
1) бөпе: көпшікті бұктейсің де басқа жұқа көпшікке орайсың. әлдилеп оны еще уатасың(қалай айтушы ед, успокаиваешь деген)…
3) орындықтың асын асхана істеп, үстін ұйықтайтын орын жасап, перде іліп, киім, орамал, көпшік, қағаз, сіріңкенің сырты(шырпы дейді ма кей жерлерде), қасық, очм кезкелген қолда бар заттан үй жасап кететінбіз. Қуыршақ болса тіпті жақсы, рольдерін ойнап шығатынбыз…
4) ата-анам жеке/бөлек шыққанда, әкемнің саймандары тұратын бөлме болатын, жанында қазан-ошақ болатын. Түс кезінде ыстық қой, тем более жазда, каникул, тындыратын ештеңе жоқ. Қысқасы, сол үйшікті сыпырып, тазалап, бақшадан арам шөптерді жинап. Батпақтан торт жасап, оны күнге кептіріп, гүлдермен безендіріп.. хм не істемейтінбіз… кейде папаға келіп “пааап, торт жейсіз ба?” аххха өтірік шайнағандай болатын…
уақыты Қараша 13, 2009 уақыты 7:18 тд
Уаххаха!
Салта, кішкене кезім есіме түсіп кетті ғой. Дәл осылай ойнайтын едік… )))))) әсіресе ана шүберектің ішіне шүберекті байлап, бала ғып…
))
уақыты Қараша 13, 2009 уақыты 7:13 тд
4 пункт
Көктем шыға, күн жылынады ғой. Сол кезде балшықтан “пирожное” жасайсың да, қаңылтыр қақпақтарға салып, сарайдың төбесіне қоясың. Өйткені, күн жақсы түседі сарайдың төбесіне. Сосын 2 күннен кейін “пирожное” дап-дайын болады
Живопись деген (естеріңізде болса) бояу қарындаштары болды. Соны суға кішкене батырсаң, қанық жұғады. Соның қызыл түсімен ернімізді бояп ойнайтынбыз
уақыты Қараша 13, 2009 уақыты 8:27 тд
хе хе
фламастермен тырнақ бояуды сізден үйрендім ба осы, Баян?
сендерді білмеймін, Акзере, біздер орындықты(жерүстелдерге арналған аласа табурет) төңкеріп бесік жасайтынбыз
))
уақыты Қараша 13, 2009 уақыты 8:53 тд
Фломастер, сосын кәдімгі қағаз желімін жағатынбыз тырнаққа, сонда жылтырап тұрады деп
уақыты Қараша 13, 2009 уақыты 11:00 тд
Қазақтардың матрушкасын онда СалтушҚа немесе СалтрушҚа деп атайық(К емес). Салтанат қазір кең тараған есім ғой.
уақыты Қараша 13, 2009 уақыты 11:30 тд
құдай сақтасын!
(
туристтерге арнап жасайды ғой қазақ қызы мен жігітінің образын… соларды қалай атайды екен?! Есімдері жоқ болса да, Салтрушқа деген тым обидно екен, шынымды айтсам… Салтанат деген әдемі есім деп саналушы еді, қалай ғана дәтііңіз барды мыналай бытщын шығаруға