Балғырған


ыстрашно!

Жазылған айдары Шелектеп жазған balgyrgan on the Қараша 12, 2009

Қараңғылықта бір кісі отыр екен. Ауланы шыр айналдыра қоршаған қортық(аласа деген мағынада) қақпаның үстінде отырған силуетіне темекісінің қызыл шоғы рең беріп тұр. Менің биікөкшемнің тақылдаған дыбысынан басқа дыбыс та жоқ. Тіпті де сезімтал емеспін, бірақ ана кісінің маған тесіле қарап отырғанын әрбір жасаушаммен сезіп келемін. Сол кісімен теңескенде ақырындап мен кетіп бара жатқан жаққа қарай бүкіл корпусымен бұрыла бастағанда жаман ой жылтың ете қалды. Өз ойымнан шошығаным соншалық  180 градусқа тоқтамай бұрылып келген бетіме зыттым. Қарасам кеңсе жанында Мукарам машинасын қыздырып жатыр екен. Ұят та болса, міңгесіп, адамы көп/адам жүретін көшеге жетіп алдым…

21 жауаптар -ге 'ыстрашно!'

... арқылы пікірге жазылыңыз RSS немесе Кері сілтеме -ге 'ыстрашно!'.

  1. Ақзере айтады,

    Айтпа, қорқынышты кейде… өзің үйге қайтқан…

  2. aizhannur айтады,

    АЛЛА сақтасын!!!

    Ужасно ғой шынымен!

    шүкір, мені папам алып барып, алып қайтады әрдайым… пока күйеуге шықпағанша осылай болатын түрі бар :) )))

  3. balgyrgan айтады,

    Бір газ баллончик алып жүру керек сияқты…

    • aizhannur айтады,

      ol da komek emes! kein sol adam ozine sotka beredi, magan tiispekwi edi dep!!!! kazir zaman osyndai goi…. korkynywty wynymen…

      en jaksysy kop bolyp juru, mumkindik bolsa solai iste…. sonda ballon4ik koldansan da bolady, kua bolady goi kem degende :)

      aiteuir aman jur! :)

  4. urimtal айтады,

    Мүмкін болса, үйге күн батқанша жетуге тырыссаңдаршы…

  5. Баян айтады,

    Каратэ-до, самбо, таэквон-до т.с.с үйірмеге жазылған артықтық етпейтін шығар…

  6. Omarbek айтады,

    Кешір Балғырған, енді қараңғыда отырып темекі тартпайын. Ол мен едім. хехе, хехе.

    • balgyrgan айтады,

      уахааахаа
      Мәншүк-Алия ескерткішінің алдында тоса тоса шаршап кеткен шығарсыз, да?!?!?! :) )))

    • balgyrgan айтады,

      айтпақшы, Салтанат не БалДырған(Балғырғанға үйрене алмай-ақ қойдым) десеңіз қарсы болмас едім :)

      • Omarbek айтады,

        Жақсы Салтанат дейін онда. Әлде Салта, Салтуша дейін бе?
        Айтпақшы сол күні ескерткіштің қасына барып кеткем.

    • saken айтады,

      дұрысы темекі тартатын көршілеріңнің/таныстарыңның бәрін сотқа беру. Содан кейін олар сенен қорқатын болады. Қашықтан сені көре салып қашып )))

      Қазір Заң темекі шекпейтіндердің жағында.

  7. Madlen айтады,

    da uj, abai bolsaishy:(

  8. Нұрғиса айтады,

    Балғырған, сен у-шу, айкидо, каратэ, таэквондо сияқты күшті сөздерді үйреніп біліп алсайшы. Жұмысқа бейбиікөше жай табан топлимен барған мақұл. Мәсімен жүрсең ше?

    • balgyrgan айтады,

      Нұрғиса, “Балғырған” дегенге құлағымды үйретіп жүргеніңізге көӨп рахмет…

      Мәсінің терісі жұмсақ, сізге де соған көшіңіз деген кеңес берсем қалай қарайсыз? мүмкін тесік нәскилер азаяр? :)

  9. Omarbek айтады,

    Қазір мен мына оқиғаға басқаша қарап отырмын. Мүмкін сен жаман (негатив)ойламағанда басқаша болар ма еді. Мүмкін сен сол күні сондай қорқынышты кино қарап, сол есіңе түсіп, сондай жаман ойға беріліп кеткен шығарсың.
    Мүмкін сенен темекі, немесе сағат сұрағысы келген шығар. Қараңғыда темекі тартып тұрғандардың бәрі маняк емес шығар.
    Әріне мұның бәрі жорамал ғана. Шындығын құдай білед.

  10. balgyrgan айтады,

    кешіріп қойыңыз, қай есі дұрыс адам қараңғыда, жападан жалғыз темекі тартып отырады?!

    серьезно айтатын болсақ, “сақтықта қорлық жоқ”, “сақтансаң – сақтайды” т.т мәтелдерді есте ұстаған жөн, әсіресе қыз балаларға…

  11. make айтады,

    “қортық” сөзін жанды затқа қолданатын сияқты ед…

    • saken айтады,

      тапал демегеніне шүкір деп қойыңыз )))

      шынында да қортық деген жанды затқа қолданылатын сияқты еді.

    • balgyrgan айтады,

      біз жақта(өз арамызда) “қортық”, “тырық” сияқты сөздер қолданылмайды, көбіне шаншар ретінде айтамыз(прикол қылып та)… Оңтүстік жақтың сөзі екенін білгенім боламаса, жанды-жансызға қолданылатынын білмеппін…

      Сакен, издеваться етпей түсіндіріп кетсеңіз… “Тапал” деген не/кім?

      • Баян айтады,

        “Тапал” деген біздің жақта “кішкентай”, “аласа” дегенді білдіреді…

  12. make айтады,

    пәс деуші едікқо


Жауап қалдырыңыз