Балғырған


Алтын медальдар!

Жазылған айдары Шелектеп жазған balgyrgan уақыты Қараша 6, 2009
Tags:

Қазанның 26-сы мен 31-і аралығында  Бразилияның  Жаңа Гамбург  қаласында  өткен   MOSTRATEC   Халықаралық  жаратылыстану-ғылыми   олимпиадасында     қазақстандық 11 оқушы алтын  медальдар жеңіп алды.

Бұл туралы  «Дарын» республикалық    ғылыми-тәжірибелік  орталығынан  хабарлады.

Олимпиадаға  әлемнің 22 елінің  оқушылары  қатысты.  Біздің   команданың  құрамындағы    16   оқушы жүлделі  орындар үшін күресті  және  олардың барлығы жоғары  наградалар алды:  11 оқушы – алтын, 2 оқушы – күміс, 3 оқушы қола медальдарды    қанжығаларына  байлады.

Атап айтқанда, алтын  медальдарды  -  алматылық Нариман Халықов, Әділбек Сәпиев, Бибігүл Жанахметова, Бахтияр Қожамқар, Ғалымжан Тілеуболдинов, қызылордалық  Ботагөз Нәдірова, Рысқал Тұрғанбекова, Ханзада Мырзабекова,  оралдық Ерназар Сапашев, Ғалымжан Асылханов, Тимур Құсдәулетов    жеңіп  алды.

Ал  Есік  қаласының екі  оқушысы –  Аяс Әлімбекер мен Диас Асанов  - күміс,    алматылық тағы үш оқушы – Мамырайым Әшірбаев, Нұрсұлтан Төреқұлов  және  Нұрбол Әбдуәлиевтер қола медальдар     иеленді.

MOSTRATEC – ғылыми,  шығармашылық,  техникалық жобалардың  халықаралық  жәрмеңке-конкурсы.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ/МЫН!!! Жеңістер көбее берсін!!! Оқушылар мен жетекшілері, еңбектеріңіз жемісті бола берсін!

Ақпарат көзі

8 жауаптар -ге 'Алтын медальдар!'

... арқылы пікірге жазылыңыз RSS немесе Кері сілтеме -ге 'Алтын медальдар!'.

  1. Баян айтады,

    Қандай жағымды жаңалық.
    Кеше “Айқын” газетінен көріп қалғам. Мақалада Бақтиярға “акцент” жасалған. Б.Қожамжар — меценат Оралбек Ботбайдың ұлы екен.

  2. Aina meken айтады,

    МАШАЛЛАХ!!!! Бұл балалардың өздері алтын медальдар ғой!!! Көбейе берсін!!! Қуанышты жаңалықпен бөліскеніңіз үшін АРБ!!!

  3. urimtal айтады,

    Шынымен де жақсы жаңалық. Елімізде математика мектебі жақсы қалыптасқан деген ұғым рас-ау! :)

  4. ruslannnn айтады,

    Керемет!! Апофене ма, апофигу ма, соған құртқанша, 9 миллионды осыларға беру керек еді, имиджді көтеріп те жатқан осылар ғой.

  5. saken айтады,

    Жақсы, қуанышты жаңалық екен!!!

    ПыСы: Айна мекен, АРБ деген сөзді тарқатып айтқанда не деген сөз?

    • Aina meken айтады,

      Өрімталдың “АЛЛА разы болсын” деген сөзді қысқартқан нұсқасы :)
      Өте сәтті шыққан

      • urimtal айтады,

        Негізі бұл қысқарған сөздің иесі мен емес, төменде пікір қалдырған ағамыз еді :)

  6. Нұрғиса айтады,

    АРБ деген сөздің ілкісі, иә. :roll:
    Ал балалар жарады. Негізі, қағып алатын, алғыр плеяда өкшелеп келеді. Оған тек қуанасың. Өсіп, көкейді тесіп, орнымызды басар міне осы дарынды жастар.
    Біліми әлеует жоғараламайынша елулік, серпінді секіріс туралы айтпай тұра тұрыңдар.


Жауап қалдырыңыз