Балғырған


Ауыл көріністері 2009

Жазылған айдары Кадрлар жазған balgyrgan on the Маусым 27, 2009
Tags: ,

Комментарий керегі жоқ :) Ауылдың көрінісі былтырғыдан позитивтірек сияқты, біртүрлі, тірілген сияқты/әлде мен тірілдім бе :)

естеріңіздер ме?

але-хоп!

қыт-қыт-қыт

Көк-иірімнің суы әлі суық

Мәстек

Мәди

Мәәә-мәәәә

Ашық аспан

26 жауаптар -ге 'Ауыл көріністері 2009'

... арқылы пікірге жазылыңыз RSS немесе Кері сілтеме -ге 'Ауыл көріністері 2009'.

  1. Ansar айтады,

    Uau, mysyk, tauyk, eshkiler. Nagyz auyldyn titi körinisi.

  2. Вауаn айтады,

    Уф, ұзақ күттім ғой сенің ауылыңның суреттерін :) . Күшті, бәрі де ерекше! +10!

    • balgyrgan айтады,

      Аңсар, Баян көп рахмет :)

  3. urimtal айтады,

    Сонда сүлгі оранған қыз бала қай суға түсіп жүр. Суреттегі су мен ешкілер ішіп жатқан су екі бөлек пе?

    • balgyrgan айтады,

      Екеуі бір су – Көкиірім. Ағын суда арам жоқ…

  4. akzere айтады,

    Маған ана “Наша Казашадағы” прикол есіме түсіп кетті: “А мы с коровьего навоза делаем тезек и бросаем в печку” деген ))

  5. akzere айтады,

    Ыстык көлдің суреттерін күтеміз ))

    • balgyrgan айтады,

      Зере :) не хорошо подставлять :)

  6. ainameken айтады,

    ана баланың көзі қандай мөлдір! Тезекке /біз жақта көң/ піскен нанды сағындым! Ыстық наннан бір үзіп алып, ортасына қолдың майын жағып, жейтінбіз. Қаладан келетін, диета ұстағыш жеңгеміз де жейтін. Оған да ұнайтын :)

  7. Айко айтады,

    тезектер не оригинально. менің жайған тезектерім ураган ед эххх :)
    балақайлар тәтті. інілерің бе?

    • balgyrgan айтады,

      жоқ, Айко… Бірінші суреттегі – Еркебұлан Қадір баласы, екіншіде Шынар Айтқалиқызы; соңғысы Мәди Жәтәйұлы. Туысқандығымыз жоқ сияқты… аталарымыздың аталарының аталарының аталарының аталары бір болуы әбден мүмкін…

      Күшіктің аты Мәстек :) )

  8. Айко айтады,

    Айна мекен. тезек нан үраган ғо шынымен. бір лет қаладағы кластас қызым соны айтып беріп, и то ең лас нәрседен нан пісред дегенде өпкелеп қалған тұғым :(
    айтпақЧ мамдар(шаңырақта) жұмсшыларға күніге 8 көмбеш нан пісіріп жүр :) асарға, келетіндерің жүріңдер көмбеш нан жеп қайтарсыңдар :) ))

    • Ansar айтады,

      көмбеш нан деген таба нан ба?

  9. Bayan айтады,

    Біздің ауыл жақта ана қиды көктем шыға солай қалыпқа салып, басады. Сосын тек қыста пайдаланады отынға.
    Эх, отқа көмген нан тәтті ғой :) Бізге ауылға барғанда әжем үнемі қазанжаппай жасап береді. Біздің жақта қазан жаппай деп атайды сол нанды.

    • Ansar айтады,

      Мен тезекті тек оңтүстік өңірлерде ғана пайдалана ма десем, басқа да жақтарда бар екен ғой.

  10. Ansar айтады,

    oibai, tezekti atamanyzdar :)

  11. balgyrgan айтады,

    :) адамдар, тезектен басқа ештеңе байқамадыңдар ма? мысалы, Мәдидің бетіндегі қалы көбелек сияқты…

    Сұйық кілегейге ыстық, жаңа піскен қазанжаппайды матырып жеген қандай… Білесіздер ма?! Оны былщ еткізіп қантқа батырасын да ауызға жібересің :) )) Қазір, әрине, мәдениетті болып, қасықпен сорғалатып жағып жейміз ғой… :)

    Есіме түсіргендеріңе рахмет :)

    • arsenal777 айтады,

      сіздер жақта жа қаймақты кілегей дей ма, мен тек семей жақта сүйтіп айтады деп ойлағам))

    • Ansar айтады,

      Қалын байқадым, бірақ көбелек бейнесінде екендігін аңғармаппын.
      Тағы да бір аңғарғаным, ешкілер өтіп жатқан көпір. Ондай көпірлерді ауылдың өзгермес нышаны деп білемін.

  12. Ansar айтады,

    Комментарий керегі жоқ

    16 Пікірлер
    :) Мынадай суреттерді көргенде мылқау адамға тіл бітіп кетер. Олай болса, неге жазбасқа.

  13. 12aikon1986 айтады,

    Ауылға қашан барып үлгердің өзі? Күшті шығыпты. Айтқандай Ыстық көлдегі суреттердің жалғасы қайда???

    • balgyrgan айтады,

      Айкона, өмір қысқа, бәріне амалсыз үлгеруің керек та :) )
      Әзірге, Ыстықкөл дем ала тұрсын :)

  14. Rauan айтады,

    О, чета саломы көп қой, тез жанып кетпей ме? :D

    • balgyrgan айтады,

      Салем, Рауан :) ол саломыны біз жақта сабан дейді ғой деймін, онсыз тезек пешке жетпей шашылып қалады емес пе :D

      • Rauan айтады,

        Сонда да, мелкий болу керек қой, чтоб көмір сияқты жану үшін, гыгыгы))

  15. balgyrgan айтады,

    Аңсар, ерінбей бәріне жауап жазғаның үшін саған “Бүкіл Балғырған Блогтық”(БББ) алғыс жариялаймын :)


Жауап қалдырыңыз