Жолда
Ескі оқиғалар ғой:
1) Сарқант ауданының бір ауылынан бір ата Алматыға жол тартыпты. Таксист балаға “Қапшағайға жеткенде оят” деп тапсырып қойыпты да ата ұйқыға кетіпті. Шопыр-бала есіне пысылдап жатқан ата Алматыға жете бірақ түсіп, “қап-ай, ә!” деп қайта Қапшағайға машина тұмсығын бұрты. “Ата Қапшағайға жеттік!” деген таксистке ата аузындағы насыбайын түкіріп тастап – “Енді тарт Алматыға!” деген екен дейді.
2) Алдар Көсе ма, Қожанасыр ма поездта келе жатыпты да, жанындағы жігіттерге “Пәленбай стансаға жеткенде оятыңдар” деп өзі жоғарғы орынға жайғаса кетіпті. Қартаға(карты) әуес жігіттер екен дейді, соның бірі бар ақшасынан ұтылып ұйқыдағы қарттың сақал-мұртын алып тастауға ойнапты. Пәленбай стансаға жеткенде, атаны оятыпты, есіктен шыға берген Алдар Көсе/Қожанасыр айнадан сақал-мұртсыз өз бейнесін көріп “Кімді оятып жіберген, мыналар” деп айтқан дейді.
3) Поездта бір атамен бір топ жігіттер келе жатса керек. Сосын, жігіттер атаның бәкісін сұрап алып, шошқа майын кесіп жепті де “Ата, мына бәкі бізде қалатын болды! Біз бұнымен шошқа майын кестік” дегенге ата: “Е! ештеңе етпейді! Аяғымның тырнағын алатын бәкім ғой” деп сүртіп-сүртіп қалтасына сап қойған екен дейді.
уақыты Маусым 15, 2009 уақыты 7:12 тк
Салтанат, мына әзілдеріңді оқып отырсам, кілең жолаушылап бара жатқандар туралы екен
Шамасы, жолаушылайын деп жатқанға ұқсайсың ғой 
Жол болсын!
уақыты Маусым 16, 2009 уақыты 4:20 тд
Хе-хе…
уақыты Маусым 16, 2009 уақыты 8:44 тд
уақыты Маусым 16, 2009 уақыты 11:22 тд
Үшінші әзілден шығатын қорытынды: поезда тек өз бәкілеріңізді пайдаланыңыздар!
уақыты Маусым 16, 2009 уақыты 11:49 тд
Өткенде бір 3 әнекке ұқсас әнек айтты біреу.
Бір күні айтармын саған, Балдырған
уақыты Маусым 18, 2009 уақыты 4:43 тк
Ана жігіттер шошқа майын нанға жағып жеген бе сонда? Фуу, ужыс қой…