Балғырған


Кіші…

Жазылған айдары Ожаулап жазған balgyrgan уақыты Маусым 9, 2009
Tags: , ,

Джандр… Джандр… эх Джандр…

Джандр туралы ауыз көпіріп айтуға болады. “Жынды” ғой жүрген: кейінгі кезде бір әдет тауып алыпты, келеді де басыңды құшақтап “балапаным менің” дейді, тіпті мамаға барып айтқанын қайтерсің(папамен олай ойнамайды ғой :) )… Кейде, көңіліміз жақсы бола қалса “қыздар болып” шиқ-шиқ, чықылық-чықылық деп кетсек, бәрінен бұрын Джандр “таяқ” жейді :) ) Нұрж “ақырын сөйлещ! микрофонмен туғансың ба?!” деп те ұрсады… Үйден шығып бара жатып, айнаға қарап “Гүлмін ғой ГҮЛ” дегені де бар(еще с таким важным видом, шынымен-ақ айнада жер-көкте жоқ гүл тұрғандай)… “ТУФ! менен басқа жұмсайтын адам жоқ па?!” деп жынданғаны да өзіне жарасымды…

Өсіп қалыпты… Оған қарап өзіңнің нешеде екеніңді, ол үшін жауапкершіліктің де артқанын ойлағың келмейді… Айтпағым тіпті басқа…

“Қыз балаға қырық жерден тиым” дегенді бәріміз білеміз. Бірақ, Джандрға бостандық/еркіндік бергім келеді… Қыдырып келсе, сұрақ жаудырып тергемей; түнімен телефонда отырса ұрыспай; сұранған жеріне рұқсат беріп, я рұқсат алуға жәрдемдесіп; сеніммен қарап, т.т. Есейді, өз ісіне өзі есеп беретіндей дәрежеге жетті, ақ – қараны ажырата алады… Ол үшін қанша қорықсам да, оның өз тәжірибесі, өмірге деген көзқарасы, достары/круг общения болуы керек. Онысы бар да…

Нұрж екеумізден соң Джандр… Бір күні былай дейді “менде сенен де бірдеңе бар, Нұржтан да бірдеңе бар!”. Ол дегеніңіз – Джандр өзін бізбен салыстырады. Біз жақсы болсақ, ол қайдан жаман болады?!

Үлкен-кіші болып бөлінбей-ақ, Нұрж, Джандр, Нұкебала дос болайыншы, а?!

16 жауаптар -ге 'Кіші…'

... арқылы пікірге жазылыңыз RSS немесе Кері сілтеме -ге 'Кіші…'.

  1. Айко айтады,

    үндемей*ақ қоянЧ ішіме бірдеме түсіп кетті :)

  2. Bayan айтады,

    Үш қызы тәрбиелеп отырған үйлердің тірлігі ұқсас болады екен-ау :)
    Кіші болса, ну енді былай үлкендерге де “ұрсып” ап, арасында үлкендерді де еркелетіп қоюға болады ғой :)
    Ана “таяқ жейтін” ситуация тура біздің үйдегідей екен…:)
    Күшті жазба!

  3. arsenal777 айтады,

    хаха, неге ол таяқ жейді))? апасы сияқты ақылды боп өсе берсің ;)
    мен соңғы түйенің жүгі ауыр деп ойлайтынмын.

  4. balgyrgan айтады,

    :) жазып қойғаннан кейін өзгерткенді жек көруші едім, енді корректировкалар енгіздім :) )

    Айко, жейтін зат па ішіңе түскен?!

    Баян :) Қазір аздап өзгердік :)

    Әлия, Джандрға “таңқылдама!” деп ұрсады, в основном :) ) (күлкісі “заразительный”)
    Рахмет тілегіңе :)

    • Bayan айтады,

      Күлкісі “заразительный”, даусы “қатты” ма? :)

      • balgyrgan айтады,

        Нұрж айтқандай ол или “микрофон жұтып қойған” или уже “микрофонмен туған”…

      • Bayan айтады,

        Түу, еркелегеннен даусы қатты шығады ғой, еркінсігеннен, ал сендер…жалпы, түсінбейсіңдер ғой кенжелерді :)

      • balgyrgan айтады,

        түсіну қиын… әсіресе, ашық тұйық болса…

  5. akzere айтады,

    Маа, үш қыз, елестету де қиын. Мен ылғи балдардың арасында өскем :-)

  6. 12aikon1986 айтады,

    Иә ұрсатында, ақыл айтатындла қамқоршы болатын да адам бары қандай жақсы….

  7. balgyrgan айтады,

    Зере, менде керісінше :) )

    Айкона, тұңғыштарға кім ақыл үйретеді?!

    • Bayan айтады,

      Тұңғыштар әжесінің баласы болғасын, ол біреуше ақыл айтпаса, оларға ақыл айту қиындау :)

  8. ainameken айтады,

    әдемі-і-і-і, Балдырған!!! Нәзік жазыпсыз! :)

    • balgyrgan айтады,

      маған ұқсамай қалды ма :) ) “кішілерімді” өте қатты жақсы көремін :)

      Рахмет, Жан-айна…

  9. 12aikon1986 айтады,

    Обычно тұңғыштарға кішілер міншіл болып келеді. Содан тұңғыш өзі- ақ түзеліп алады. ОООО оларға бірдеме айтсаң біттің ғо “прав” екендерін дәлелдеуге көшеді ғо :)

  10. balgyrgan айтады,

    так-с әжесінің балалары туралы – сіздердікі дұрыс… тура солай…


Жауап қалдырыңыз