Уақыт…
Ашуым басылып, сабырлық оралып, өз сабама түстім… Бірақ, бар ашумен келген ойларым жоқ боп кетті… Бірдеңені түсіндім, бірақ нені екенін әзірге білмеймін…
Сіздермен бірге түсініп көрсем қалай қарайсыздар? Тек, күлмеуіңізді өтінемін…
Уақыт деген сөзді әркім әрқалай қабылдаса керек, әркімге оның құндылығы әртүрлі де. Уақыт дегенді “өмір” деп түсінсе қалай екен?! Енді қараңыз, сізбен бір уақытта кездесуге келістік. Сіз кездесуге бірер сағат қалғанда кездесуге келе алмайтыныңызды айтып хабарластыңыз. Сонда не болды дейсіз, сіз сізге бөлінген менің “өмірімнің бір мезетін”=уақытымды “жойдыңыз”. Ия, дұрыс қой(!), бізге тәуелсіз жағдайлар да боп тұрады, оны да естен шығармаймыз ғой. Десе де, уақыт белгілемес бұрын басқа қосалқы жағдайларды есере отырып белгілеген дұрыс деп ойлаймын – өз уақытың мен өзгенің уақытына бармақтай болса да сый/сыйластық ретінде.
Енді, адамның уақытқа деген көзқарасы “өмірлік фазалардың” қайсыссында қалыптасады? Мен де бір күні ана болармын, сонда балама уақыттың не екенін қалай және қашан түсіндерер едім?! Ең бастысы, айтқаныма ісім сай болуы керек болар ия?! Бірінші “фазаларда” уақыт деген “қазір”, “ертең”, “сосын”, “ерте-кеш”, т.т сөздермен өлшенсе керек, кейін есею барысында өзің біле бастайсың ғой “2 сағат”, “түнгі 1″, “таңғы 4″, т.т уақыт өлшемдерін. Ата-ананың рөлі қандай?! “Кешікпей кел” деген не? Бұл ой бұрын да болғандай/айтылғандай – дэжавю?
Бос уақыт… Дем-алысқа бөлінген уақыт деп түсінген дұрыс емес сияқты, біртүрлі. Бос уақыт – бос уақыт, ешкіммен, еш нәрсемен “толтырылмаған” уақыт. Сонысымен қызық та… Қалай жұмсаймын десең солай жұмсайсың – бос құмыра сияқты, немен толтырғаныңа байланысты өзіңе қайтады. Жәй мысал, артық уақытты дем аласқа/ұйқыға кетірдің – өзіңе пайдалы, шаршаған ми/дене тынығып қалады(сізден басқалар да дем алуы керек қой, анда-санда); кітап оқыдың – қазір пайдасы көрінбегенімен, сөз алысың, ой өрісің, тіпті білім деңгейінің өзгергенін бірер уақыт өте көресің; достарыңмен кездестің – көңіл көтердің, бар жиналған шеріңді шығардың, басқаның көзқарасын байқадың – өзіңмен салыстырдың; мексикан сабыноперасын қарадың – жылап-сықтап, ертесін ұмытып кеттің; тағысын тағы толып жатқан бос уақыттың қолданысы. Ал, менің бос уақытым қайда кетіп жатыр?
Негізі бұл ойлар “өз уақытың” мен “өзге уақытының” арасындағы айырмашылықтан басталған еді.
Болды енді
Ары қарай қазбалаудың қажеті шамалы
Түсінгенім бұрыннан белгілі, өзіме де өзгеге де… Уақыт – қайтып оралмайды, сіздің де менің де
“Қазір” мен “тура қазірдің” ортасындағы баланста жүру деген қандай…
уақыты Маусым 1, 2009 уақыты 7:19 тд
Матрица. Қайта жүктеу. Балдырған бас кейіпкер. Уақыт кеңістігіндегі инсинуациялары. Өз уақыты өзгеге бергісіз. Уақыт та “көктем”сияқты – айтып оралмайды. Қазірі қайсы, тура қазірі ше? Қазір де тура қазір ме, әлде тура қазір қазірден тезірек қазір ме? Я болмаса, қазірді тура қазірден өзгеше қазір, демек ки кейінірек болатын тура қазір деп қарастыра отырып қазірдің тізгінін қолдан шығарып алу ма? Ит біліп пе… Мүмкін, … мысық???
уақыты Маусым 1, 2009 уақыты 9:50 тд
Нұрғиса, қатем болса түзерсіз… айттым ғой, күлмеңіз деп…
меніңше айырмашылық бар, мысалы “қазір” – істі уақыт шкаласында итеруі/шегіндіруі бар, мысалы “қазір, мынаны бітірейін сосын жасайм”, “қазір келем”(әлі жеткен жоқ), т.т. ал “дәл/тура қазір” – ол “здесь и сейчас”… “Ақша болғанда емес, дәл қазір!”, “оқуымды бітіріп алайын емес – дәл қазір!”, т.т
хотя қай хайуан білсін…
уақыты Маусым 1, 2009 уақыты 7:28 тд
пландарым бұзылса шынымен көңлім қалады
ал андағыдай жасайтын достарымды көбіне бұдан кейін шақырмаймын
нуу енді 3 ретке дейін шанс беремін одан кейін ол адамды тізімімнен алып тастаймын. Тіпті басқа ортақ достар жиналатын үлкен жиылыс болғанда да басқалар арқылы шақыртамын, келсе келеді, келмесе және өзі білед деймін.. Сондай жаман қырсық мінезім бар енді..:))
басқаның уақыты ол бір адамның көңілі ғой бұл жерде, бір нәрсе жасаймын деп ниеттеінп қойғасын болмадй ғой олай..
уақыты Маусым 1, 2009 уақыты 7:54 тд
Ой, ондай таныстар менде де бар
Жоспардың бәрін құртатын — солар.
Негізі, үнемі кешігіп жүретін адамдар өзгені емес, өзін де сыйламайтын сияқты.
уақыты Маусым 1, 2009 уақыты 9:54 тд
Көңілашардың әдісін қолдана бастаймын-ау деймін…
Мысалы, жоспар басында “келем келем” дейді да… кейін “ойбай анау, ойбай мынау” деп келмей қалады. Өз сыныптастарымның әдеті. Бұған себеп, кездесуге ниеттің жоқтығынан деп ойлаймын.Кешіксе де келсе жақсы ғой
)
уақыты Маусым 1, 2009 уақыты 10:14 тд
Бәріміз де сол әдісті үйреніп алу керек боп тұр.
Біреулер мені “озбырсың” деп еді, менен де өткен “озбырлар” бар екен*ау
уақыты Маусым 1, 2009 уақыты 7:28 тд
Ана “уақыт — ақша” деген сөз дұрыс.
Ең дұрысы бос уақытты сериалдарға бос сарп етпеу, өзі де санаулы ғұмыр сонымен өтсе, білмеймін енді…
уақыты Маусым 1, 2009 уақыты 7:46 тд
Алдын ала ерскертіп айтса да жақсы ғой. Кейде ондан да сорақысы болады. Шақырады, шақырған дерге өзі келмейді. Келмегенімен қоймай, артынан кешірім сұрап, себебін түсіндермейді.
Бұл кезде адам тек уақытын ғана емес, оған деген сенімін де жоғалтып үлгереді.
Баянмен келісемін.
Кейбір жандар бос уақыты тұрмақ, жұмыс уақытысын құрбан қылып сериал көреді. Мұнsң жанында Баянның айтқан кейіпкерлері ”айналайын” ба, қалай?!
уақыты Маусым 1, 2009 уақыты 9:56 тд
Аңсар, құдай сақтаған екен мені
Ондай таныстарым жоқ екен
уақыты Маусым 1, 2009 уақыты 10:05 тд
жұмыста сондай подругам бар
келмегенімен қоймай еще и норм кешірім сұрамады
қазір де араласамыз
андағыдай жауапкершілігі жоқ жақтары болмаса былай жақсы қыз, пыросто енді оны еш жерге шақырмайм:)
еще и концертке барам, тауға барам, анда барам деп неше түрлі пландарымды не барғанымды айтам оған:))))
неге маған айтпадың десе еще чего саған айтып, сен уже давно тізімде жоқсың дейм:)
сүйтіп издеваюсь:)
уақыты Маусым 1, 2009 уақыты 10:16 тд
Демек, “шақырған жерден — қалма” дегенді “шақырған жерге барма” десек па екен ондайларға ?
уақыты Маусым 1, 2009 уақыты 10:21 тд
ондайға шақырған жерден қалма, шықырусыз қаласың дейді:)
уақыты Маусым 1, 2009 уақыты 7:55 тд
сериал5а кеткен уақытты қайран уақыт деп қарамайм, әр адам өзінше дем алады, ну енді күнде кешкісін кеп бірінен соң бірін қарайды демесе..
жапoн -кәріс сериалдарының фанаты ретінде айтып отырмын:)))
Бірақ бұл жерде Балдырғанның көтерген мәселесі басқа..
жауапкершілік мәселесі.Келіскесін адам оны жасау керек қой, себебі сен ол адам үшін бір уақытыңды бөлдің, 1 сағат қалғанда келмейм деу енді ол барп тұрған жауапкершіліктің жоқтығы..
уақыты Маусым 1, 2009 уақыты 8:11 тд
“Ашуым басылып, сабырлық оралып, өз сабама түстім… Бірақ, бар ашумен келген ойларым жоқ боп кетті”
егер маған бағытталып айтылған болса. ма*ма, ма*ма мені кел де атып кетЧ плз, болмаса осы жерде 40 дүре сал арқама.
ауылдың баласы дұрс сенмен келсем. соңғы кезде тапқан жаман әдетім, кездесуге шарқып барам деп айтып алып, лақтрп кетем, кез/келген адамды
өте жаман қасиет тіпті, ұятты*ау, ертең кесірі тиеді*ау дегенге де похи мороз деп қарайтын болсам керек. тіпті, шіміркпестен кеЧрңз деп смс жаза салуда түк болмайды. қайтсем дұрс жолға түссем болады екен. айтпақЧ Салточ сенің мінезің жақс адамсың ғо тел. мақұл үйрендім демей бірден со мезетте наққа жіберуің керек ед нато пачло. так и надо. ато үйреніп кетед мен сияқты адамдар.
басты кінә осыда.
негізі жаман адам бов барам.
сосын бір қызықты айтайын күлкілі болсада, бір іштей бұғу(комплекстер) т.б. қасиеттер пайда болыпты, тіптен керек емес сұрақтар қойып, өзімді шектеп, шеттей түсемін.
мысалы келтіре кетейін жақында бір қыз қыдруға шақырд, жанында бойфренді бар, ой 3 личный қайтем дедім. оның дос шығатынын айтты. онда маған не бар дедім. онда мейлі. келесі кездесуде екеуміз ғана кездесейікЧ десе, ой қойЧ тез сөзім бітіп қалад
. қызық емес дедім. міне бармаудың амал.
бірақ мына ақталулар бекер. тупой сұрақтармен енді басымды қатырмай бірден тұрып жүріп кете беретін боламын. айтпақЧ шақырам деушілер, кездесем деушілерге 15 июнен бастап отпустамын, енд өз еркі өзімде қалада болам. шақыра беріңдер
))
уахахаха
а айтпақЧ, суб/воскер. проблема, Японьіммен жүред екенмін, так/как мамасымен/папасының қолдары бос емес. Екеумізді де кезедусге шақыра берем дейтіндеріңе қарсы емеспін
уақыты Маусым 1, 2009 уақыты 8:17 тд
негізі айко балдырғанның орнында мен болсам
сені өз тізімімнен алып тастар едім:))
күлкі күлкімен
уақыты Маусым 1, 2009 уақыты 8:48 тд
кечріңдерЧ, қайтіп қалай өкінішімді өтей аламын?
уақыты Маусым 1, 2009 уақыты 10:09 тд
Айко, без комментариев… Жай жүрмейсің ғой әйтеуір
уақыты Маусым 1, 2009 уақыты 10:17 тд
Айко, кеЧріңдер дегеніңе қрағанда, үлкен қателік жасаған сияқтысың ғой…
уақыты Маусым 1, 2009 уақыты 10:28 тд
Баян сөз жоқ кеткені не, уж таппай қалдым крыша қайда болу керек екенін
уақыты Маусым 1, 2009 уақыты 10:37 тд
жоға, жуып-шаюға келеді
))
уақыты Маусым 1, 2009 уақыты 10:42 тд
ки*ки
Айко,толықтырулар мен өзгертулер енгізуге тура келді, үлкен саяси қателік кетіп қалыпты ғой менің тарапымнан
уақыты Маусым 1, 2009 уақыты 1:09 тк
Уақытты жоғалтуға еш әсері болмаса да, кездесуге қолы жетпей жүргендерге не деуге болады?
Жұмыс бабы, уақыт жетпейді, т.с.с. Жоспардың күл-талқанын шығарғандай. Ертең сұрап көру керек екен.
уақыты Маусым 2, 2009 уақыты 6:04 тк
мхм
сұрашы
уақыты Маусым 2, 2009 уақыты 8:15 тд
Шынымды айтсам, осы жазбаны оқығанда, балдырғанның ашуына алаңдадым. Артынан коменттерді көре отырып, ашулануға түрткі болған жанды таныдым, өздеріңіз сияқты
. Не ғой, айтпағым мынау: мен бұл жазбадағы уақыт туралы Салтанаттың әдемі пікірлеріне қосылатынымды білем, бірақ онша әсер етпеді. Әсер еткені – Айконың көпшіліктің алдында өз кінәсін мойындағаны /бұл – үлкен ерлік!/! Және досының қателігін балдырғанның да әдемі кешіргені ерекше жарасымды /балдырғанның қанша ашуланып тұрса да, ашуын ақылға жеңдіріп, құрбысы жайлы жазбасына бір ауыз сөз қоспағаны – үлкен мәдениеттілік!!! /! Қыздар, сіздер сондай тәттісіздер!!!
уақыты Маусым 2, 2009 уақыты 6:06 тк
Жан-айна, көзге байқалмайтынды байқатып айтуды қайдан үйрендіңіз а?
Рахмет, ЖАН-АЙНА – сән қыз
уақыты Маусым 3, 2009 уақыты 11:15 тд
Окасы жок!
уақыты Маусым 3, 2009 уақыты 6:19 тд
Ішінде мен де кейде болып қаламын, ия?
Бірақ мен алдын ала ескертіп қоямын ғой… 
Қыздар, жалпы мен қыдырудан қашпаймын, бірақ шынымен кейбір себептерге байланысты көп уақытым бола бермейді. Алдыңғы әңгімеде сіздерге соны түсіндіріп кеткен сияқты едім, біраз түсіністікпен қарарсыздар деген үміттемін