1 ай
Кеттім! БІР ай то бармын, то жоқпын… БІР ай …
Жұмыста ӘЛЕМ сөз естісем де кетпекшімін … Ең қаражат шашатын ай болайын деп тұр … “керек тасты ауыр көрме” дейміз да …
Жәйбасарлыққа үйреніп қалыппын, бір жағынан консерваторлығым ұстап “осыны қайтемін? бұрынғыдай бола берсін да!” десем, “Өй, жынды! болашақты ойламайсың ба?!” деймін… Не болса да, осы айда болар “жылдамдық” маған керек нәтиже берер деп үміттенемін де “тезірек бір ай өте шықса екен” деп те тілеймін …
Маубасқа
Мен туралы сіз білмейтін 5 нәрсе
www.arshat.kz -”Осы тақырыпты басқа блогерлер де жалғастырса екен, эстафетаны осы жазуыма алғаш болып пікір жазған 5 адам жалғастырсын.”
Вот что получилось:
1) жұмыста әшки киемін, 100 % болса да, компьютер көзді жеп жібереді деген қорқыныш;
2) кішкентайымда ДӘУ доптың үстіне отырамын деп тоңқалаң асып ключицамды сындырып алғанмын, қазір көрінбейді-бітіп кетті;
3) биікөкшелі аяқ-киімнің жауымын: бес-алты рет сындырдым, құдай бойды бермеген соң, амалсыздан киемін (ё-моё, не азап десеңізші!);
4) жұмысыма ұйықтап келемін, ұйықтап қайтамын;
5) телефоным “крутой”, не МП3-і жоқ, не фотигі жоқ, қысқасы “кірпіш”.
Қай су?

Қай шайнек тез қайнайды: 1) краннан құйылған су бар, әлде 2) бұрын қайнатылған суы бар?
Набойка
Босоножкамның бір набойкасы (каблуктың ұшындағы пластмасс не темір) түсіп қалды. Одан сайын желінбесін деп бір аяғымның ұшымен (сырт көзге қалай, маған тіпті ыңғайсыз) басып келе жаттым. Автобуста бірге түскендер басып озып кетіп жатыр. Артымдағы біреу мен тез жүрсем тездетеді, баяуласам-ақырын жүре қалады… МАМЫЧКА, за мной следят! Сол жақ иығымнан абайлап қарасам… Ойбай!!! ФУ!!! Вяқ!!! Набойкасы құрысын, желінсе желіне берсін! Эйт, дігідік-дігідік!!! деп мені озғандардың алдына түсіп алып “ғайып” болдым (по крайней мере, өзім солай ойлаймын).
Уф… “Жын көргендей, не болды сонша” деп, уже лифтте, өзіме ұрсып қоямын.
Бала десе бала…
Ара
Алма ағашының түбінде дем алып жатыр едік, ащы әйел дауысы шықты. Екеуміз де елең ете құлағымызды түре қалдық.
Эльчён жүктілігінің 7-айында, тастар тайғақ, Көксудың ағыны да бар, күн ыстық, кіші екі бала да бар жандарында…
Дауыс жақындап келеді, жақындап келеді. Бірнеше адам дауыстап тұрып жылайтын сияқты. Қорқыныш деген жүректі жаулап алған, мида түрлі-түрлі ойлар …
“Ойбай-ай! Ай…” деген Эльчённың дауысы анық естілгенде тұра жөнелдік. Құдабаланың өңі қашып кеткен, менде де зәре қалмады.
Эльчён порша-поршасы шығып жылаған, қып-қызыл болып кетіпті. Суға жақындап барлығы батпақ жаға бастады: Эльчён екі жамбасына, нағашы ағам төсінің бірнеше жеріне, аяғына, жанындағылар тоже батпақпен сыланды.
Терең жер іздейміз деп кеткен, қайтар жалғызаяқ жолда алдыңғы бағыттаушылар араның ұясын бұзып кетіпті де, ызаланған бүкіл ара соңында әрең-әрең келе жатқан Эльчёнға ұмтылыпты. Жыбырлағанның бәрінен қорқатын ол айғайға салған, қолын жан-жаққа сермеген, қашайын десе жағдайы анау… Жыламағанда не істейді?!
Эльчён бірнеше күні күлкі болған шығар
Көксу
Жетісудың жеті өзенінің бірі – Көксу:
Талдықорған суреттері
Стадион:
Матай тойы

08.08.08 – қызметтес Ерлік үйленіп, үй болып Талдықорғанда той жасады. (жалғасын оқу…)
