1 тамыз
1 Тамыз тарихта:
1774 – ағылшын ғалымы Джозеф Пристли алғаш рет таза оттегін алған.
1780 – Швеция тұрақты нейтралитеті туралы жариялады.
1790 – АҚШ халқының алғаш санақ қорытындысы жасалды: 3 929 214 адам, оның 697 624 құлдар болған.
1793 – Францияда метрикалық өлшеулер мен таразылар жүйесін енгізілді, кейіннен ортақ дүниежүзілік жүйеге негіз болды.
1900 – Германияның 5 рет чемпионы болған, 1975 және 1979 жылдарда УЕФА Кубогын жеңген “Боруссия” Менхенгладбах футбол клубы құрылған.
1914 – Ресейге Германияның соғыс жариялауы, І дүниежүзілік соғыстың басталуы.
1934 – Пьер Ришар дүниеге келген.
1936 – Ив Сен-Лоран дүниеге келген. Алғашқы Диор мода үйінде көрсеткен коллекциясы “Трапеция”. Әйел адамға стильдендірілген ер азамат костюмін кигізген. 1962 жылы кутюрье калготкиді ойлап тапты. “Belle de jour” фильмінде Катрин Деневті киіндіргені үшін “Оскар” сыйлығын да алады. 1999 жылы “Ив Сен-Лоран” киім маркасынның барлық құқығын “Гуччи” мода үйіне сатып жібереді.
1936 – Адольф Гитлер Берлинде өткен кезекті олимпиада ойындарын ашты.
1943 – Жапония Бирмаға тәуелсіздігін берді.
1943 – Сталиннің фронт аймағына бірінші және соңғы баруы.
1953 – Швейцар ғалымы Огюст Пиккар және ұлы Жак екеуі бірігіп “Триест” батискафтың құрылысын бітірді. 1960 жылы Жан Мариан ойпатында 10916 м тереңдікке түсті.
1960 – Дагомея Республикасы (бұрынғы Бенин) өз тәуелсіздігін жариялады. XV ғ. Бенин жағалауына европейлер (алғашқы партугалдықтар) өтіп кетеді де, ең ірі құлсауда орталығына айналдырады. 1890 жылдың басында Дагомеяны француз колонизаторлары жаулап алады.
1964 – Алғашқы “Маяк” радиостанциясының бағдарламасы. Соловьев-Седойдың “Подмосковные вечера” әнінің әуеніне салынған позывпен ашылады.
1976 – Тринидад және Тобаго тәуелсіздіктерін жариялайды.
1981 – MTV музыкалық телеканалының дебюті. 6 жылдан кейін Европада жұмыс істей бастайды.
1 Тамыз күнін тойлауда:
- Анголада Қарулы күштер күні;
- Қытайдың Халықазаттық Әскер (ҚХАӘ) күні. ҚХАӘ 1927 жылы 1 тамызда құрылған. 1946 жылға дейін ҚХАӘ келесі аттарға ие болған: Жұмысшы-Крестьян революционалдық әскері, жұмысшы-крестьян қызыл әскері, сегізінші әскер және жаңа төртінші корпус әскері. ҚХАӘ құрамында: Военно-морские силы, военно-воздушные силы, сухопутная армия және техникалық күштер.
- Украинада Әскери-Теңіз флот күні.
- Бүкілресейлік инкассатор күні.
- 1962 жылдан бастап Ямайкада эмансипация күні тойлана бастады.
- 1985 жылы Салтанаттың төл-құжатына 1 тамыз “туылған күні” деп белгілеп қойыпты.
Дұрыс па?!
Агентті қазақшасына ауыстырдым… Архивтен бірдеңелерді қарайын деп едім… Осылай аударған дұрыс па?! ол не деген сөз?

Маркетолог Наталья
Жолдың арғы бетіне өту үшін светофор іздеймін
Жұмысымнан шығып, жарты кварталдық жердегі светофорда тұрсам, арғы бетте бір қыз менен көзін алмайды… Жақындай келе түрі таныс десе ТАНЫС… Жанына тоқтай кеттім де
- Мы не знакомы? – деп соқтым, аман жоқ, сау жоқ…
Ана қыз күліп жіберді, күлкісі тіпті таныс… Ё-моё
- МЫ же знакомы?
Қыз басын изейді, “ия” деуге демі жетпей, күліп жатыр күліп жатыр. Оны күліп жатыр-ау деп тұрған мен жоқ, “қай жерден көрдім?” деп басым қатып тұрса…
-Энерго?
Басын шайқайды (жалғасын оқу…)
If only

«Күнделікті өзіміздің ғана емес, қоршаған адамдардың тағдырына әсер ететін шешімдер қабылдаймыз. Бір-біріне ілескен уақиғалар тізбегін бұзу қолымыздан келмейді. Бірақ, кім біліпті? …»
Эмоцияларым ішіме сияр емес
2004 жылғы фильм! Тамаша кино!
Басында аса мән бермей отырғанбыз (домашний кинотеатр жасап), дабыр-дүбір, бірі кіреды, бірі шығады, соңында бірімізде үн жоқ, соткалар да тықырын қойды, пысылдаған да жоқ боп кетті…
1,5 сағат фильмның барлық мағынасы жігіттің соңғы сөздерінде …
Өмірімнің бір минутын да өзгертпес едім, бірақ болашағым қандай болатынын білсем ОБЯЗАТЕЛЬНО басқаша істер едім!
Боулинг
Боулинг, бильярд, гольф, т.т. шарларға қатысы бар ойындар спорт түріне жатады ма?
Қызықтырмайтын ойындарымның бірі – боулинг болатын. Пушистиктің шақыруын жерге тастауға болмайтындықтан 8 кг-дық шарды 2 сағатқа “дос” көрдім. Басында тіпті бір кеглиге тигізу тұрмақ маңына да жолата алмадым. Екі қолдап та лақтырып көрдім… Ойынның аяғында 2-орынға ие болдым (үш адамның арасынан
).
Боулингтің тарихынан: (жалғасын оқу…)
Кеттік пе?
Каникул бітті
Енді жеңді түріп ап жұмысқа кірісу керек
Жұмысымды бірнеше адам жасағандықтан, жинай алмай қалдым. Бірі былай, екіншісі тіпті өзгеше қып жасапты, бірінің жасағаны көңілімнен шықпады (а чего я хотела )
Отырған орнымды көргенде төбе шашым тік тұрдыыы: ақ клавиатура сұр болып кетіпті, сары күшік тұратын үстелде, ол тіпті біртүрлі қарайды маған “помой меня” дегендей, керек емес қағаздарды менің үстеліме жинаған ба, “Карина” салфетка фирмасына өткізерліктей (ақша жасайтын болдым) ТАУ жатыр, удобный креслом болатын, оны ВАЩЕ жаңадан келген қызметкер алып алыпты (не тут то было, ағасы орнына қайтарыңыз!) …
Қызметтестердің де шаштары тік тұрды-ау деймін, ауыздары ашылып не дерлерін білмей қалды. Ну, ничего Русланнн келгенше қарайямын
))
Амандық, саулықты білдіріп жатқаным ғой! Блогшылар, енді хоть КУДА!!! Кеттік пе?