Қонақ

Сауықханаға маған қонақ қыз келді. Сыңғырлап «келем» дегенін естіп, өзім де тосып жатқанмын.
Мен әңгімемді айтып бола сала қонағым «давай не будем о грустном!» деп өз әңгімесіне, жаңалықтарына көшті. Содан «тырқыл» басталды.
Кешкі астан келген көршілерім бір-бірін естімеді ме, бізге кедергі болмайын деді ме шығып кетті.
Қонағымның қимылы, дауысы, интоннациясы, сөзі, вообщим спецэффектісі жынды-жынды. Мен деген кеудемді ұстап алғанмын, қалаш сияқты жиырылдым да қалдым, дыбыс шығара алмай, көзімнен жас деген кетті мөлтілдеп. «Саған күлуге болмайтын шығар!? АХА?!» деп қояды да өз дегеніне басады.
Оңай емес кезімде күлкі сыйлаған ҚОНАҚқа шексіз алғыстымын!
Кешірім

«Не бывает плохого опыта, есть уроки» деген сөз есіме түседі.
Бір айдана аса орнымнан тырп етпей жатуым былай тұрсын, ата-анамды, әсіресе әжемді жылатқанын қалай кешіремін?!
Мамам естігеннен бірнеше күн бойы көңілсіз жүріпті. Ырымшыл менің мамам. «Қызы көп үйге стиралканың керегі жоқ» дейтін әкемізді көндіріп, мен құлаған күні кір жуғыш машинаны әкелген болатын, «Салтушка үйге келсін!» деп қостырмай қойыпты.
Әжем сол күні үйге, әдеттегідей телефон соғып, амандық-саулықты сұрап, «қыздардың бәрі аман ба?» дегенге мамам шыдамай бәрін айтып берген. Сөндірулі телефоныма талай звондапты да. Екі күн өте бірақ сөйлестік, оның өзінде де жылап жіберіп нағашы апама бере салды трубканы.
Көршілер
Бірінші күні палатада Сабира деген апа және қасында болуға қалған қызы-Лейла сосын мен ғана болдық.
Сабирадай кісі көрген емеспін! Отыз(!) жылдай ет жемеген, алпысқа келсе де әлі шпагатқа отырады екен, мамандығы мәдениеттанушы болғанымен, мектепте сурет пен қолөнер сабақтарын берген екен, кейіннен Питерге барып дизайнердің оқуын оқып алса керек, жер-үйіндегі (қазіргіше – коттедж) барлық орындық бастарын, баспалдақ перилаларын, тағы да басқа дэкорлық бұйымдарды өз қолымен жасапты. Сабира апа(апа деп айту жасына сай, бірақ түріне қарасаңыз тәте деп айтуға тұрарлық, 40-тан жаңа асқандай көрінеді) аса мәдениетті, аса дана адам. Қайта-қайта сұрақ қоя беруге ыңғайсыздандым, бірақ сұрақтарым өте көп еді.
Сауықхана №?
1 – уақиға болған жер
2 – ең жақын аурухана
3 – “по месту жительства”
Дәрігер стандартты сұрақтар қоя бастады. Кофтамның сыртынан ештеңке байқай алмады ма «шеш!» деген дәрігерге қарап қаппын. «Жынды ма?!» дегенімді ұқты ма «пойдемте в скорую» деп «ойбайлатып» орнымнан тұрғызып ап 02 машинасына бардық.
Валерий Пәленович тағы біраз сұрақтар қойды, тексеретіндерін тексерді де «по месту жительства» сауықханасына(аурухана деген ұнамайды) Пушистикті салып алып «тарттық».
Қас-қағым сәт

1 – автобус
2 – шыдамы таусылған “водитель”
3 – мен
4, 5 – ӨТЕ-ӨТЕ тығыз шаруалы адамдар
Тренировка памяти
Айко блогындағы(http://666aiko999.wordpress.com) “Ұмытшақ” әңгімесі түрткі болды.
Студент болып жүргенде Алматының пробкаларында делать нечего ғой, сонда келесіде жаттығуларды жасайтынмын:
1) 100-ден 1-ге дейін тез-тез санау;
2) Алфавиттегі әр әріпке сөз құрау, әріпті не сөзді еске түсіре алмаса тоқтамау шарт, главное темп деп;
3) 20 ер атын, 20 қыз атын айту;
4) Бір әріп таңдап соған 20 сөз құрау.
Өз памятіме ренжу жоқ, мүмкін осының арқасы, мүмкін от природы
Қарап көріңіз, сізге де көмегі болар =)
Есеп 1
Манхэттенде тұратын бай бойдақтың тоғыз бөлмелі пәтерінің әр бөлмесінде бір-бір сағаттан екен. Қазан айының бір сенбілік кешінде ол барлық сағаттарын қысқы уақытқа түзетеді. Келесі күні таңертең екі сағат қана дәл уақытты көрсеткен. НЕГЕ?
Жауабын білгенде, балаларға арналған есеп екен деп шеше алмағаныма ұялып қалдым