Балғырған


Анкета

Жазылған айдары Шелектеп жазған balgyrgan уақыты Мамыр 23, 2008

Алдында көрші қыз келіп анкета толтырып беруімді сұрады, толтыруын толтырдым … соңындағы диалог:

- Артына телефоныңды жаза салшы?!

- Неменееееее?!

- Бізді тексереді, өтірік болса ақшамыздан қияды, жай сотовый бере салсаң болады

“Ой ,  Ёлки зеленые …” анкетамды тағы бір рет қарап шығып, телефонды все-таки жазып бердім.

Мен ол туралы ұмытып та кетер едім, егер қалтафоныма көрші қызды тексерушілер сыңғырламаса.

Анкетаның басында ” … Мы гарантируем анонимность Вашего мнения … ” деген сөзі де бар.

Фантазияны дамытайық

Жазылған айдары Ожаулап жазған balgyrgan уақыты Мамыр 23, 2008
Tags:

Психология пәнінен мынандай ойын көрсетіп еді: бір ситуацияны алып, соған сюжет құру “неге? кім? қайда? қашан? …” деген сұрақтарға жауап бере отырып.

Сол сияқты, өзіммен өзім болады ма, оқырман – сізбен болады ма сол ойынды ойнайық.

Басты кейіпкер: Саня – жасы 30-дан аспаған, орта статистикалық Қазақстанның аса белсенді емес қоғам мүшесі.

Қалған кейіпкерлерді оқиға барысында қоса жатармыз :)

PROFIBUS

Жазылған айдары Бір тамшыдан жазған balgyrgan уақыты Мамыр 21, 2008

Profibus деген не?

Profibus-автоматтандырудың әр түрлі салаларындағы контроллерді, сезгектерді және орындаушы құрылғыларды байланыстыруға арналған, өндірістерде кең қолданылатын ашық жүйелі технология.

Profibusты Siemens фирмасы өзінің өндірістік контроллеріне арнап ойлап тапқан. Ақырында, стандартталып, Европада кең тарап кеткен.

Өткізу жылдамдығы стандартты тізімнен таңдалады: 9,6 кбит/с-тен 12Мбит/с-ке дейін.